Бүгінде республика бойынша «Қауіпсіз қоғам» жобасын жүзеге асыру мақсатында бірқатар профилактикалық іс-шаралар өтуде. Мақсаты қоғамның қауіпсіздігі, қылмыстың алдын алу, жол ережесінің сақталуын қадағалау мен тұрмыстық-зорлық зомбылықтың алдын алу. Түркістан облысы Шардара ауданында полиция қызметкерлерінің тікелей қатысуымен алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Борышкер» жедел іс-шарасы басталды
2024 жылдың шілде айының 22-26 күндері аралығында, Түркістан облысы Шардара ауданында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде
Жергілікті сот орындаушылары мен Шардара аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірігіп, рейдтік шара ұйымдастырды. Сот орындаушылар темір тұлпар тізгіндеушілерді арнайы қаулымен таныстырып, қарызын ерікті немесе мәжбүрлі түрде өндіру мәселесін қарастырды. Берешегін өтмеген және өтеуден жалтарып, жүрген тұлғалардың көлігі айыптұраққа жабылды.
Тәртіп сақшылары аудан тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақытында, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7️ тәулік ішінде 50% жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл 100 %-ға (2 есеге) көбейтілетінін ескертеді. Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 40 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында, Сот орындаушыға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығы туралы да айтып өтті.
Сонымен қатар Түркістан облысы полиция департаменті Шардара аудандық полиция бөлімінің қадағалауымен аудан аумағында, 22-31 шілде аралығында жергілікті атқарушы органдар және басқа да қоғамдық өкілдердің қатысуымен бірлескен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасады.
Аталаған шараның мақсаты, Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін, адам тасымалдайтын автобус жүргізушілеріне кеңес беру.
Техникалық жағдайы және конструкциясы бекітілген жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін, Заңсыз қайта жабдықталған автобустармен жолаушылар тасымалдайтын басқа да автокөліктерді (такси) пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау.
Рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауына және сапарға шығатын автокөліктерді міндетті түрде техникалық тексерілгеніне ерекше назар аудару болып табылады. Аталған шара аудан көлемінде алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу маңызды
Шардара ауданы полиция бөлімінің мамандары тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомблықтың алдын алу шараларын бастап кетті. Осы ретте Шардара аудандық кітапхана ғимаратында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде кітапхана қызметкерлеріне акция аясында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларының ең негізгі қызметі – тұрмыстық жағдайда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын-алу, оларды болдырмау, болған жағдайда тиісті шаралар қолдану екенін түсіндіру мақсатында Шардара АПБ-нің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы полиция капитаны Гауһар Сәбденова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда не істеу керегі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратты.
Одан бөлек, Шардара аудандық Төтенше жағдайлар қызмет қызметкерлері мен Шардара аудандық полиция бөлімімен «Отбасылық зорлық зомбылық жол жоқ» акциясы өтті. Аудандық мәдениет сарайының үлкен залында өткен бұл шараның мақсаты — “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу.
Жиын барысында сала мамандары жоғарыдағы аталған мәселелер төңірегінде талқылаулар жүргізіп, Шардара аудандық полиция бөлімінің әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гауһар Сәбденова «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңға енген өзгерістермен таныстырып шықты.
Отан-отбасыдан басталады отбасында татулықтың берік және ынтымақтың биік болуын қаласақ, кездескен кедергілерді айқай шумен емес ақылмен шешуге шақырамыз деп сала мамандары жиынды қортындылады.
Шардара аудандық оқушылар үйінің қызметкерлерімен «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық іс-шара жиыны өтті. Жиынға Шардара АПБ Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Г.Сабденова, «Әлеуметтік-бағдарламалар» бөлімінің Қамқорлық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының психологы С.Машкалов қатысты. Жиын барысында төмендегі тақырыптар бойынша хабарлама жасалды.
Жиынға қатысушылар тарапынан туындаған ұсыныс, пікірлер бойынша Г.Сәбденова және С.Машкалов жауап беріп, жиынды қорытындылады.
JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі