jasqazaq.kz

Түркістан: Сауран ауданында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өтуде

04 шiлде 2024, 16:02

Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері әдеттегідей әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және де қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Сауран ауданындағы жол апаты орын алуы ықтимал жолдарға, көлік қозғалысы көп жүретін көшелерге рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін бөлініп, тиісті бағыттардағы жұмыстарын атқаруда. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. Тәртіп сақшылары аудандағы автокөлік тізгіндегендерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Сауран аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары жайсыз отбасылар мен профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Аталмыш шарада азаматшаларға «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Бүгінгі күні тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында күнделікті жұмыстар атқарылуда.
Сауран аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмат Әбідінов жеке құрам қызметкерлерін тексеріп, аудан көлемінде қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар кешені бойынша қарқынды жұмыс жасауды тапсырды.

Бөлім бастығымен бөлімше басшыларының нұсқаулығына сәйкес, полиция қызметкерлері аудан көлемінде құқықбұзушылықтарды болдырмау, жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды күшейтті. Сонымен қатар тәртіп сақшылары аудан көлемінде үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті.

Сауран аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары “Таза Қазақстан” акциясы аясында қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Сонымен қатар суға шомылу маусымында жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізуде. Атап айтар болсақ, тұрғындарды шомылу кезіндегі ережелермен таныстырып, ауданда орналасқан каналдарды жағалап, оның бойында жүрген тұрғындар мен жасөспірімдерге ескертулер жасауда.

Сауран ауданы көлемінде «Қоғамдық тәртіпті тиісінше қолдау, заңсыз көші-қонды ескерту, жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау мақсатында» 2024 жылдың шілде айынан бастап «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау жайтын алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттарының алдын алу.

Ұйымдастырылған іс-шара барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді,заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу,оларға мүлдем темекі бұйымдарымен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Түркістан облысы ПЛ

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті