jasqazaq.kz

Түркістан: Сауран ауданы прокуратурасы — қоғам тыныштығы күзетінде

28 мамыр 2024, 11:59

Түркістан облысы Сауран ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан аумағында орналасқан парк, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы мемлекеттік мекемелердің басшылары мен Сауран АПБ-нің жауапты қызметкерінің қатысуымен «Браконьерлікке жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынның күн тәртібінде ерекше қорғалатын аймақтардың аумағында заңсыз аң мен балық аулау құқық бұзушылықтардың жағдайы мен мұндай фактілердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарына басты назар аударылған болатын.
Бұдан бөлек, туристік маусымда табиғатта демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар қаралды.

Табиғат пен жануар әлемін көктем және жаз айларында өрттен қорғау мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар және жер қойнауын заңсыз пайдалану мәселелері қаралып, бұл бағытта түйткілді мәселелер талқыланып, олардың шешу жолдары айқындалды.

Жиын соңында тиісті органдар мен мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, бірлескен іс-шаралардың орындалуы бақылауға алынды.

Сонымен қатар Сауран ауданы прокуратурасы кезекті мекемеаралық мәжіліс өткізіп, оған жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері, төтенше жағдайлар және аудан әкімі аппаратының дербес бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Бұл жиында Түркістан өңіріндегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы, террористік тұрғыдан осал нысандардың дайындығы, су басу қауіпі, этносаралық келісімнің нығаюы, мектеп оқушылары арасындағы буллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарына баса назар аударылды.

Жиналыс барысында түйінді мәселелер талқыланып, олардың шешу жолдары айқындалып, құзырлы органдарға хаттамалық шешіммен тиісті тапсырмалар берілді. Олардың орындалу барысы аудан прокуратурасының бақылауында болады.
Сондай-ақ Сауран аудандық прокуратурасы «Бұзушылыққа тоқтам» жобасы негізінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ауыл тұрғындарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, аудан көлемінде алаяқтық, бұзақылық, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарға жол бермеу мәселесі де айтылды. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

JQ-Aqparat

Cуреттер: Сауран аудандық прокуратурасы

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат