Түркістан: Сарыағаштың жас балуандары жеңіспен оралды

18 тамыз 2023, 13:45

 

Киелі Түркістан өңірінде спортпен айналысатын жастар көп. Көпшілігі түрлі деңгейдегі спорт жарыстарына қатысып, қанжығасы бос қайтпайды.

Жуырда, міне, Сарыағаштың жас балуандары жеңіспен оралды. Олар Қостанай қаласында аударыспақ спорт түрінен 2006-2008 жылы туылғандар арасында өткен XI Қазақстан Республикасы чемпионатында Түркістан облысының құрама сапында қатысқан болатын.

Атап айтсақ, Сүлеймен Тұрдықұлов 2006 жылғы 59 кг салмақ дәрежесінде және Ибрагим Таскет 2006 жылғы 65 кг салмақ дәрежесінде аударыспақтан І орын иегері атанып, алтыннан медаль тақты (жаттықтырушысы – Рахымжан Тұрдықұлов). Сондай-ақ, Сүндет Таскет 2006 жылғы 77 кг салмақ дәрежесінде аударыспақтан ІІІ орынға табан тіреп, қола жүлдегері атанды (жаттықтырушысы Рахымжан Тұрдықұлов). Сонымен қатар, Ердаулет Ергеш 2006 жылғы +90 салмақ дәрежесінде ІІІ орын, Нұрдос Армен 2007 жылғы 54 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын, Бекнұр Нуриддин 2006 жылғы 82 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын (жаттықтырушысы Сулеймен Айдаров) иеленді. Ал Ақбай Жанболат көкпардан І орын иегері атанды.

Бүгінде мемлекетіміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі – саналы һәм білімді ұрпақ қалыптастыру. Осы орайда, ұлттық спортымыздың алар орны ерекше. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын асқақтатын маңызды сала. Спортты дамыту, жастарды спортқа баулу – жастар саясатындағы басым бағыттың бірі. Осы мақсатта Сарыағаш ауданында спорт саласы жылдан жылға дамып, жаңа жетістіктермен толығып жатыр. Жастардың да спортқа деген қызығушылығы арта түсуде.

Айдос Құсайынұлы

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз