jasqazaq.kz

Түркістан: Сарыағаш полициясы профилактикалық жұмысты күшейтті

15 мамыр 2024, 15:36

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған жұмыстарды бастады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Аудандағы Қапланбек ауылы мен Қызылжар елді мекенінің мәдениет үйінде Сарыағаш АПБ ЖПҚ Әйелдерді зорлык-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі А.Көбегенова және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе Сарыағаш ауданының әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының меңгерушісі М.Тарахтиев пен Қызылжар ауылы әкімдігі мен ауыл билерінің қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған отбасыларды қатыстыра отырып, құқықтық және психологиялық тәрбиелік мәні бар профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сарығаш ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инпекторлары тарапынан мектеп оқушылары арасында құқықтық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әлімжеттілік, буллинг, бопсалау, лудомания құмар ойындарын алдын алу мақсатында, Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылында орналасқан №55 «О.Жәутіқов» атындағы, №13 «Мәңгілік ел» атындағы, №7 «Төле би» атындағы және Қызылжар ауылында орналасқан № 75 «Ж.Жабаев» атындағы және №72 жалпы орта мектептерінде 7-11 сынып оқушыларымен жиналыстар ұйымдастырылды. Онда жасы кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында, тәрбиелік мәні бар, насихаттау және заң талаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстары өтті.

Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, Түркістан облысы ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Сарығаш ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инпекторларымен бірлесіп, ағымдағы жылы Сарыағаш қаласындағы №60 жалпы орта мектебінің оқушыларымен және «Қапланбек» колледжінің студенттерімен «Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарламалардың алды алу» тақырыбында жиналыс өтті.

Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инспекторы тарапынан мектеп оқушылары арасында құқықтық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлімжеттік, буллинг, бопсалау, лудомания құмар ойындарын алдын алу мақсатында, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылында орналасқан №13 «Мәңгілік ел» атындағы жане Кызылжар ауылында орналасқан №37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінде 7-11 сынып оқушыларымен құқықтық сауаттылығын жоғарылату максатында жиналыс өтті. Онда қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол берген жағдайда қарастырылған жауапкершіліктердін түрлері түсіндіріліп, тәрбиелік мәні бар, насихаттау жұмыстары жүргізілді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді