jasqazaq.kz

Түркістан: Сарыағаш ауданында «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

10 маусым 2024, 16:27

Өмір болғаннан кейін түрлі оқыс жағдайлар болып тұрады. Басым бөлігі сақтық шараларын елемеу, жол ережесін сақтамаудан, баланың қараусыз қалуынан болып жатады. Сондықтан тәртіп сақшылары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізуге тырысады. Биыл Түркістан өңірінде облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен профилактиуалық шараларға айрықша маңыз беріліп, осы бағытта түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Соңғы жылдары қала көшелерінде электрсамокаттар, мопед пен скутер сияқты көлік құралдарының түрі көбейді. Бұл көлік түрлерін пайдаланушылар да жол жүрісіне қатысушылар болып саналады. Сондықтан олардың жол қозғалысы ережелерін сақтауы — полицияның айрықша назарында. Қайғылы жағдайлардың алдын алу және жолын кесу үшін тәртіп сақшылары халық арасында үнемі профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ал жазғы демалыс кезінде балалар тұрмақ, ересек адамдардың суға батуы жиі орын алатыны белгілі. Осы орайда Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі аға инпекторларымен және Сарыағаш аудандық Төтенше жағдай қызметкелерімен бірлесе отырып кәмелет жасына толмаған балаларға және олардың ата-аналарына су каналдарына шомылуға болмайтындығы жайлы ескертіліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Биыл сәуір айында әйелдер мен балалардың өмірін қорғауды көздейдін тиісті заңдарға өзгерістер енгізілгені белгілі. Осыны ескеріп, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Кубегенова Ақтолқын Серікқызы Сарыағаш аудандық Білім бөлімінің қызметкерлері мен бірлесе тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген отбасымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің №88 участкелік полияция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары Сарыағаш қаласы тұрғындарына «Алаяқтық,таза қала, пәтер ұрлығы қылмысының алдын алу мақсатында» түсіндірме жұмыстарын қолға алды. Бұл орайда қала тұрғындарын интернет алаяқтыққа қатысты ұялы телефондарына бөтен абонеттік номерлерден жеке басына қатысты қандай да бір ақпарат сұраған кезде ешқандай да ақпарат бермеу керектігі тәптіштелді.
Сарыағаш ауданы аумағында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы жиі өткізіледі. Мұндай іс-шараның негізгі мақсаты — аудан аумағында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдарды ерікті түрде және мәжбүрлі түрде өндіру жұмыстарын жандандыру. Іс-шара барысында Сарыағаш ауданы полиция бөлімнің қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтайды. Оларға салынған айыппұлдарды өндіруді жүзеге асырады.

Түркістан облысы ПД Сарыағаш АПБ-нің бастығының бұйрығына сәйкес, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» алдын-алу профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Мұндағы мақсат — кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандарға алкогольдi iшiмдiктердi, темекі өнімдерін сату, түнгі уақытта кәмелетке толмағандарларды заңды өкілдерсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуын анықтау, олардың құқықтық сауаттылықтың жоғарылату, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды құқықбұзушылыққа және қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау, балалардың еңбегін пайдалануға жол бермеу.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
Бүгін, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды