Түркістан: Сайрам ауданында полиция бөлімі ашық есік күнін өткізді

03 маусым, 16:00

Түркістан облысында құқық қорғау және арнайы органдарға деген сенімді арттыру мақсатында Сайрам ауданының полиция бөлімі арнайы ашық есік күнін ұйымдастырды. Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ашық есік күніне аталған аудандағы мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараға полициямен қатар Төтенше жағдай қызметі де жұмыла ат салысты.

Ашық есік күнінің мақсаты — жастарға кәсіптік бағдар беру, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, ішкі істер органдары қызметкерлері жайлы оң көзқарас қалыптастыру, құқық қорғау жәнен арнайы органдарға деген сенімді арттыру, олардың күнделікті қызметімен таныстыру. Сондай-ақ жас достарға тапсырмаларды орындауда қандай арнайы құралдарды пайдаланатыны көрсетілді.
Полицияның “102” жедел желісіне келіп түскен хабарламалардың қабылдануы, тіркелуі және жасақты жіберу тәртібінен бастап, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынған құқық бұзушылардың камералары, тергеу бөлмелері таныстырылды. Ал криминалист маман М.Нұрислам жасөспірімдерге қылмыс оқиғасы орын алған жағдайда оқиға орнына қалдырылған заттай дәлелдемелерді алу, қылмыстың ашылуына үлкен ықпал ететінін жеткізді. Сонымен қатар криминалист оқиға орнында қандай дүниелерге мән беріп, қандай фактілерді жедел анықтау керектігін тілге тиек етті.

Қару-жарақ қоймасының меңгерушісі Б.Сүттібаев келушілерге қару-жарақтардың қауіптілігі және оны тек қызмет бабында арнайы мамандар ғана қолдану керектігін жіті түсіндірді. Сондай-ақ қару-жарақ қолданған кезде қандай техникалық қауіпсіздіктерді сақтау керектігін айтып өтті.

Оқушылар ерекше қызығушылықпен түрлі сұрақтар қойып, арнайы қорғаныш киімдерін киіп көрді. Полицей болу үшін қандай талаптар қойылатыны туралы мағлұматпен қанықты. Жасөспірімдер полиция қызметінің жауапты әрі қауіпті екендігін түсінді. Өйткені оларға қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерге арналған ерлік ескерткіші таныстырылып, ерліктері баяндалды.
Іс-шара соңында Сайрам ауданы полиция басқармасының бастығы М.Ермеков: «Қазір арамызда тұрған жастар арасынан болашақ полициялар шығады деген сенімдеміз. Ең бастысы елімізде, айналамызщда қоғамдық тәртіпті сақтау. Ел тыныштығы біздің басты назарымызда болуы керекң. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін жаңа буынды тәрбиелеуге ықпал етсек, біз үшін сол үлкен мақтаныш!» — деп атап өтті.

Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ашық есік күні аясында жас буынның сұрақтарына жауап беріп, полиция мамакны болғысы келетін балаларға мамандықтарының қыр-сыры, қызығы мен қиындығы жайында айтып берді. Жас буынға арналған ашық есік күні алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген