jasqazaq.kz

Түркістан полициясы оқушылардың қауіпсіздігіне мән береді

06 мамыр 2024, 15:17

Мектеп әр бала үшін қауіпсіз орын болуы тиіс. Өкінішке қарай, мектеп қабырғасында да келеңсіз жәйттер болып тұрады. Ондай жағдайлар көбіне техникалық қауіпсіздікті сақтамау, күштінің әлсізге әлімжеттік жасау, ақша бопсалаумен байланысты. Сондықтан оқушыларға ұстаздары ғана емес, құқық қорғау органдарының тарапынан да түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Түркістан полициясы мұны әрдайым есте ұстап, тұрақты түрде жүзеге асырады.

Сондай кездесудің бірін Түркістан облысы полиция департаменті Созақ ауданы полицейлерінің қатысуымен Шолаққорған ауылындағы №14 Т.Әлімқұлов интернат-лицейінің 8-11 сынып оқушыларымен өткізді.

Қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отырған, жастар арасында деструктивті діни идеялардың таралуына жол бермеу, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың оның ішінде әлімжеттік, бопсалау, қорқыту, бұзақылық, қарақшылық, тонау, вандализм, ұрлық, алаяқтық, нашақорлық, лудомания қылмыстарының және зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алуды мақсат еткен жиында мазмұнды бағыттағы пікір алмасулар орын алды.

Полиция капитандары Дәнияр Ыбыраш және Рахат Уәлиева, сонымен қатар Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Қосмаханов және Жастар ресурстық орталығының маманы Ниязәліқызы Ләйла қатысқан бұл шарада жастар өз ойларын ашық ортаға салып, аталған тақырып бойынша құқық бұзушықтардың орын алу себептері мен алдын алу бағыттарын да ұсынды.

Басқосуда оқушыларға тақырыптарға сай бейнероликтер көрсетіліп, кең ауқымда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кері байланыстар жасалды.

Сондай-ақ оқушылардың жазғы демалысы жақындап қалғанын ескеріп, Түркістан полициясы ата-аналарды жасөспірім, кәмелетке толмаған балаларына бақылау және қадағалау жұмыстарын қатаңдатуды, жазғы демалыс мезгілінде бала қауіпсіздігін айрықша қадағалауды өтінеді.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің бейнежазбасынан 

 

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді