Түркістан полициясы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылып қызмет етеді

31 мамыр, 12:54

Биылғы 15 сәуірде Мемлекет басшысы «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Сонымен бірге Президент тапсырмасы бойынша еліміздің ішкі істер министрлігі әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу сапасын арттыру үшін барлық полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтарын құрды. Олардың құрамына 261 әйел тергеуші, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, жедел-криминалистикалық, криминалдық және ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметкерлері кірген болатын. Зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеудің сапасын арттыру үшін қазіргі уақытта барлық өңірлерде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысында да бұл бағыттағы жұмыс қарқынды.

Жуырда ішкі істер министрлгі Тергеу департаментінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының мамандары «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарының тергеу тактикасы» тақырыбында дәріс өткізді.

Шараға департамент бастығының бұйрығымен құрылған тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобының әйел тергеушілері қатысты. Аталған топ құрамына әйел тергеушілер, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, жедел-криминалистикалық, криминалдық және ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметкерлері енгізілген.

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу сапасын арттыру мақсатында өткізілген жиында ағымдағы жылы 15 сәуірінде Мемлекет басшысының бұйрығымен енгізілген «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы талқыланды.

Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде учаскелік полицейлер де өз үлесін қосатыны белгілі. Өйткені өзіне бекітілген аумақтағы тұрғындар туралы учаскелік полицейден артық білетін ешкім жоқ. Ендігі кезде оларға жүктелетін міндет те еселене түспек. Бұл бағытта тқрғындармен жиі кездесу өткізудің пайдасы бар. Жуырда Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инпекторлары Жетісай қаласы аумағында қала тұрғындары, кәсіпкерлер, ауыл билері мен ақсақалдарына есеп беру кездесуін өткізді.

Шара барысында аға учаскелік полиция инспекторы Бахытбек Алекенов 2024 жылдың 5-айында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар Жетісай аудандық полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы Еркен Мыржабаев сөз алып, кәсіпкерлерге қылмыстардың алдын алу мақсатында, сауда орындарына дабыл нүктесін орнатуды және нысанның іші-сыртын жан-жақты бақылай алатындай етіп, түсіру қабілеті жоғары заманауи бейнекамералармен, ғимараттарының есік-терезелерін темір тормен қаптауды ұсынды.

Сонымен қатар полицейлер түнгі мезгілде қызмет атқаратын тойхана, дәмхана, мейрамхана, ойынхана егелеріне жұмыс уақытын сағат 23:00-ге дейін шектеу туралы ұсыныстарын білдірді. Әр тұрғын өз ұл-қыздарына қатаң бақылау жасап, үй жануарларына еге болуға шақырды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген