jasqazaq.kz

Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді

22 сәуiр 2024, 14:00

Технология қарыштап дамыған бүгінгі заманда интернет алаяқтар түрлі әдіс-тәсілдерді ойлап тауып, талай адамды сан соқтырып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтың торына түсіп қалмау жөнінде талай айтылса да, алаяққа ақшасын өз қолымен бере салатындардың қатары азаймай тұр. Сондықтан интернет алаяқтықтың алдын алудың маңызы зор. Бұл бағытта Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы осындай қылмыстардың алдын алу бойынша түрлі жазбалар мен роликтер тарату жолға қойылған. Қоғамдық орындарда, көше-көшеде арнайы бильбордтар ілінеді. Оған қоса, учаскелік полиция инспекторлары да халыққа жадынамалар таратуда.

Бүгінгі заманның алаяқтары ақпараттық жүйені пайдаланып, алдап-арбау, сеніміне кіру арқылы біреудің мүлкін жымқыруға тырысады. Олар компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен ғаламтор арқылы адамдарды алдап-арбайды, ақша бопсалайды, алдап несие алдырады.

Осы орайда Түркістан өңірінің полиция қызметкерлері интернет алаяқтардан абай болу керектігін ескертеді. Тұрғындарға таратқан жадынамаларда өтірік «банк қызметкері» деп телефон соғатын алаяқтардың әдістері түсіндіріледі, түрлі тауарлар мен автокөлікті сату-сатып алу қосымшаларында күмән келтіретіндей қызмет ұсынылса, ол мағлұматтың қаншалықты заңды екендігіне көз жеткізуге кеңес береді.

Интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Жетісай қаласының аумағында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Қоғамдық орындарда, көшелерде, орталық саябақтарда, банктердің жанында және адамдар көп жиналатын орындарда алаяқтардың құрбаны болмас үшін адам өзін қалай ұстау керектігі жөнінде арнайы дайындалған билбордтар ілініп, жадынамалар таратылды.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
Бүгін, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды