jasqazaq.kz

Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады

25 сәуiр 2024, 15:35

Соңғы кезде алаяқтардың «қарқыны» ерекше. Адамның ойына келмейтін айла-амалдың түр-түрін тауып, қайтсе де оңай олжа табуға тырысады. Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл бағытта алдын алу жұмыстарын тоқтатпай жүргізуге мәжбүр. Түркістан облысының полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек екенін жұртқа тәптіштеп түсіндіреді.

Мәселен, Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақтарда тұрғындарға алаяқтық қылмысының түрлері, жасалу жолдары туралы айтып, оның алдын алу әдістері туралы айтады. Соңғы өткізілген осындай іс-шарада патрульдік полиция инспекторлары жүргізушілерге жадынамалар таратып, барынша сақтануға шақырды. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтар көп шоғырланатын орындарға ескерту парақтары ілінеді.

Технология дамыған заманда алаяқтар адамның ұялы телефонына қашықтан қосылу үшін небір қитұрқы тәсілге барады. Ұялы оператор, сот орындаушысын айтпағанда, өтірік полиция болып қоңырау шалудан да тайынбайтын болды. Сондықтан полиция барынша мұқият болуға, ешқандай мәліметтерді айтпауға шақырады.

Алаяқ тек телефон арқылы шықпайды. Ол жаныңызда жүрген таныс адам болуы да мүмкін. Мәселен, жақында Сарыағаш ауданында «тұрғын үй кезегін жылжытып беремін» деп бір әйел жеті адамды алдап кетті. Сарыағаш полициясы дереу іске кірісіп, алаяқтық қылмысын ізін суытпай ашты. Сөйтіп «тұрғын үй кезегін жылжытып беремін» деген 31 жастағы күдікті әйел жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде құрықталды.

Оқиғаның мән-жайын анықтағанда, күдікті әйел «мемлекеттен берілетін тұрғын үй кезегін жылжытып беремін» деп жеті адамның сеніміне кіріп, 100 мың теңгесін қақшып алып, зым-зия болған.

Полиция ол әйелдің тағы алты адамнан алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Әлгі әйел оларға да «үй алып беремін» деп өтірік айтып, ақшасын қалтасына басқан.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді