jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция жастарды қауіп-қатерден сақтандырады

15 мамыр 2024, 14:16

Шомылу маусымында бейқам болма

Мектеп оқушыларының жазғы демалысы жақындап қалды. Статистикаға сенсек, ойын баласының дәл осы жаз мезгілінде жарақат алып, оқыс оқиғаға ұшырауы жиі болатын құбылыс. Сондықтан полиция қызметкерлері мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жөн санайды. Түркістан өңірінде осындай жұмыстар басталып та кетті.

Күні кеше Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шомылу маусымының басталуына байланысты мектеп оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында оқушыларға белгіленбеген су арналарының жағалауында суға шомылуға қатаң тыйым салынатыны айтылып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екендігі ескертілді.

Бұл профилактикалық шара адамдардың белгіленбеген орындарда суға шомылуының алдын алу, суға түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталып, алдағы уақытта да жалғасатын таба бермек.

Жастар есірткінің зардабын білсін

Сондай-ақ жастар арасында нашақорлыққа жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Осы орайда Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері бірлесіп, жастардың есірткі және нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында, «Ахмет Яссауи» атындағы кәсіби колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Басқосуда жастарға кинологиялық қызмет орталығындағы есірткі мен жарылғыш заттарын анықтайтын және шабуыл жасайтын қызметтік іздестіру иттерінің жұмыстары таныстырылды.

Сонымен қатар «Нашақорлықты және дәріханалық нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында есірткінің зияндылығы мен оларға қатысты құқық бұзушылықтарға жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.

50-ге жуық студент қатысқан бұл шарада жастар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойды. Ал мамандар түсінікті тілмен егжей-тегжейлі жауап берді.

Кездесу соңында жастар танымдық экскурсия және қызметтік иттердің жұмысымен жеке танысу мүмкіндігін бергені үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Жастардың құқықтық сауатын арттыру керек

Жастардың құқықтық сауатын арттыру олардың арасындағы қылмыстың алдын алуға септігін тигізетіні сөзсіз.
Осы орайда Түркістан облысы Полиция департаменті Сайрам аудандық полиция басқармасы жедел-криминалистикалық тобының криминалистері Сайрам ауданы «А.Исмаилов» атындағы мамандандырылған көпсалалы коледжінің студенттеріне дәріс өткізді.
Бұл дәрісті өткізу жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға қатысты қылмыстың алдын алуды көздеді.
Сонымен бірге құқық қорғау органдарының қызметіне қзығушылық танытқан студенттерге криминалистика саласында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, қылмыс болған жерді қарап-тексеру және криминалистикалық зерттеулер жүргізгенде қолданылатын криминалистикалық құрал-жабдықтар, арнайы техникалар көрсетілді.

Қызметкерлер полиция мамандығы бойынша студенттерді қызықтыратын сауалдарға жауап беріп, ішкі істер органдарына тағайындалу тәртібімен бөлісті.

Айдос Құсайынұлы
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

05 маусым, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
05 маусым, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
05 маусым, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
05 маусым, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады
03 маусым, 14:48
Түркістан: Қазығұрт ауданындағы индустриалдық аймақта 8 жоба жүзеге асып жатыр
03 маусым, 12:49
Түркістан: Мақтаралда қоғамдық көліктер жаңартылды
03 маусым, 12:47
Түркістан: Мың шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр