Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

30 қыркүйек, 13:20

Түркістан облысында полиция қызметкерлері жастар мен жасөспірімдерге буллинг, кибербуллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп датыр. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бағытта колледж студенттері мен мектеп оқушыларымен арнайы тақырыптық кездесулер өткізілуде.

Келесте «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тренингі өтті

Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөлімінің инспекторы Эльмира Есенқұлованың ұйымдастыруымен аудандағы №13 кәсіптік колледжінің студенттеріне буллинг, кибербуллинг тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің басты мақсаты — оқушыларға буллинг пен кибербуллинг туралы түсініктеме беру және өзара қарым-қатынаста әдептілікке шақыру. Полиция инспекторы Эльмира Есенқұлова дәрісті «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тренингімен бастап, қатысушыларға жалпы зорлық-зомбылық дегеніміз не? және оның қандай түрлері болатындығы туралы айтып берді.

Сондай-ақ кездесуде жергілікті полиция қызметінің ювеналдық тобының инспекторы Тойбек Садырбаев жасөспірімдер арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заң талаптарын түсіндіріп, жауапкершілік жағына тоқталды.

«Отбасын қолдау» орталығының психолог маманы Динара Әбдірова жастарға осы күнге дейінгі статистика бойынша буллинг пен кибербуллинг құрбаны болған балалардың саны мен жасы туралы айтып, егер де өздері немесе өзге біреулер осындай жағдайға ұшырап жатса, не болмаса ол туралы білетін болса, жапа шеккендерге қандай көмек көрсету керек екендігін, кімдерге көмекке жүгіну керектігін түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде студенттер аталған жаман әрекетке бармайтындықтарын жеткізіп, білім мен тәрбиені қатар алып жүруге уәде берді.
Оқушыларға электронды темекінің зияны туралы

Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, «Зорлық- зомбылыққа жол жоқ», «Бала тәрбиесі — баршаның ісі», «Электрондық темекінің (вейп) зияны» және «Менің отбасым – сыйластық орнаған ортам» тақырыбында түрлі тренинг, дөңгелек үстел, және кездесулер өткізілді.

Аталған шараларға ата-аналар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысты. Сонымен қатар халық көп шоғырланатын орындарда брошюралар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кентау қалалық полиция бөлімінің «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Майра Құттыбаеваның қатысуымен өткізілген бұл шараларда қоғамда белең алып отырған зорлық-зобылықтың, буллинг, кибербуллинг және ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған ақпараттар беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.

Полиция 1200 студентпен кездесу өткізді

Жастар арасында нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу, сондай-ақ оларды спортқа тарту мақсатында Кентау қаласының полицейлері студенттермен кездесу өткізді. Іс-шараға Кентау қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Сәрсенқұлов, мектеп ұжымы мен студенттер қатысты.


Кездесуде жастардың өмір салты, елдегі нашақорлықтың алдын алу және статистикалық көрсеткіштер талқыланды. Сондай-ақ есірткі мен жасөспірімдер қылмысы мәселелері, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың қалыптасуына ықпал ететін факторлар айтылды.
Спикерлер жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және бос уақытын пайдалы істерге арнауға шақырды.
Жиын соңында студенттерге нашақорлық пен интернет-алаяқтықтың салдары туралы бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ нашақорлық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша мыңнан астам брошюралар таратылды.
Жыл басынан бері барлығы 1200-ге жуық жас профилактикалық іс-шаралармен және дәрістермен қамтылды.

Қазығұртта студенттермен пікір алмасу өтті

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полициясының зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Қ.Өмірәлиева мен «Отбасын қолдау» бөлімшесінің психологы Ш. Алдабекова колледж студенттерімен кездесу өткізді. Онда жастарға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен олардың заңды құқықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ студенттермен ашық пікір алмасу, отбасын құруды жоспарлау, отбасындағы қарым-қатынас, бала тәрбиесі, ұрпақтар теориясы, заң аясында жүріп-тұру, қылмыстық құқық бұзушылықтың салдары, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу сияқты тақырыптарда сөз қозғалды.
Полицейлер студентерге мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Қ.Өмірәлиева: «Тұрмыстық зорлық- зомбылық — бір адамның екінші адамға, не туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде, білінбей қалады. Осылайша бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету мәселесін қиындатады. Сондықтан бұл жағдайда қорықпастан міндетті түрде «102» арнасына немесе «111», «150» жедел желілеріне хабарласу қажет», – деді.

Сөз соңында жастар арнайы мамандарға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

«Зорлық зомбылық — қоғам қасіреті» кітап көрмесі ұйымдастырылды

Отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары болып тұратыны жасырын емес. Көпшілік бұл туралы ашық айта берсмейді. Сөйтіп «жабулы қазақ» күйінде қалады. Ал Қазақстан Республикасының Конституциясында «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар» деп анық жазылған.

Осыны ескеріп, Созақ аудандық полиция бөлімінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тобының инспекторы Айжан Манапова аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында орналасқан балалар кітапханасында 26 кыркүйек күні «Зорлық зомбылық — қоғам қасіреті» атты кітап көрмесімен танысып, кітапхана қызметкерлеріне қоғамдағы зорлық зомбылық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл көрме қоғамдағы зорлық-зомбылықтың жолын кесуде халықты сауаттандыру, жәбірленушілерге ақпараттық көмек көрсету мақсатын көздеді. «Заң және заман», «Заң» басылымдарындағы арнайы сала мамандарының зорлық-зомбылықты болдырмау, болған жағдайда қандай заң орындарына жүгіну қажеттілігі жөнінде мақалаларын талқылай отырып, буллингке ұшыраған жандарға көрсетілетін алғашқы көмек жайлы да мағлұматтар беріп өтті.
Балалар кітапханасының меңгерушісі Ғалия Маймақова мен кітапханашылар Гүлім Амангелді, Назерке Абдуллаева өздерінің құқықтық білімдерінің жетілдіргеніне полиция инспекторына алғыс білдіріп, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жүргізуге уағдаласты.

Әлима Әлмерек
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?