jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды

09 шiлде 2024, 15:12


Елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру – тәртіп сақшыларының күнделікті атқаратын жұмысы. Бұл бағытта Түркістан өңірінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері тынбай жұмыс істеп келеді. Полиция өзінің күнделікті жұмысында құқық бұзуға жол бермей, сан түрлі қылмысты ізін суытпай ашады.
12 млн теңгені қалтаға басқан алаяқ құтылмады

Жуырда облыс орталығының тұрғыны алаяқтық қылмысын ашуға көмектескен Түркістан қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Т. Тұрсынбаевқа шынайы алғысын айтып, жазба жолдапты.
Оқиа былай болған: мемлекеттен өтеусіз грант алуға көмек сылтауымен сенімге кірген жас әйел, жәбірленушіден 12 миллион теңгеден астам ақша алып, тайып тұрған.

Тұрғынның шағымы бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні жылдам анықтады.
Күдікті Түркістан қаласының тұрғыны, бұрын сотты болған. Полиция басқармасына жеткізілгеннен кейін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ьергеу жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Полиция тұрғындарды қырағылық танытуға және түрлі алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.
Экстремистік үгіт-насихаттың жолын кесті
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдіктіні ұстады.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіше, діни экстремизмнің жақтаушысы Сайрам ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқаны анықталды.
Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни бағыттағы 300-ге жуық кітап, ноутбукты және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

12 бас мал ұрлаған күдікті құрықталды
Сарыағаш ауданының полицейлері ірі қара малын ұрлады деген күдікпен жас жігітті ұстады. Полицияға жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреулер жайылымнан 12 бас сиырын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 3,5 миллион теңгеден асады.
Тексеру кезінде күдікті ұрланған малды сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды. Полиция ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеп алып, иесіне қайтарды.
Қазіргі уақытта күдікті Сарыағаш ауданының тұрғынына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде және оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды