jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция оқушыларға буллинг пен лудомания туралы түсіндірді

18 қыркүйек 2024, 16:29

Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Бұл бағытта Түркістан өңірінің полициясы түрлі кездесулер, семинарлар өткізіп тұрады.

Түркістан облысы полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің психологы Дина Әубәкірова Жетісай қаласындағы №1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында жаңадан ашылған полиция сыныбына барып, жас сақшыларға дәріс берді.

Сабақ барысында жоғары сынып оқушыларына құқық бұзушылық, буллинг, лудоманияның алдын алу жайлы ақпараттар айтты. Сондай-ақ жолда жүру ережелері мен кәмелет жасқа толмағандардың түнгі сағат 22:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтындығы жайлы нақты түсіндіріп өтті.

Дәрісте оқушылар арасында қазіргі кезде белең алған электромотоцикл, электровелосипед, скутерді басқаруға болмайтындығы, егер абай болмаған жағдайда оның салдары неге алып келетіндігін мысал арқылы көрсете отырып, түсіндірді.

Сондай-ақ Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы №1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған семинар өтті. Шараға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, әкімдік жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері, прокуратура қызметкерлері қатысты.

Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша буллинг-кибербуллинг, лудомания, интернет-алаяқтық, спирттік ішімдік пен есірткі заттардың зияндығын насихаттауға арналған шара ауқымды болды. Тәртіп сақшылары мен ведомствоаралық топ бірлестігі оқушыларды мұндай зиянды әдеттерге жоламауға, зиянды іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Мектеп оқушылары айтылған тақырыптарды зер салып тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Топ мүшелері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берді. Шара барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді және оқушыларға арнайы дайындалған жаднамалар мен үнпарақшалар таратылды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу