jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді

25 сәуiр 2024, 16:35

Ұсақ қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдердің қылмысқа тартылуына жол бермеу – Түркістан полициясының күнделікті атқаратын жұмысы. Бұл орайда ұсақ тәртіп бұзудың алдын алу маңызды. Жуырда Ордабасы ауданында прокуратура мен полиция қызметкерлері бірлесіп, әр түрлі бағыттағы профилактикалық шараларды өткізді.

Осы іс-шаралар аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түн ішінде жалғыз өзі (заңды өкілінсіз) жүруіне жол бермеу үшін түнгі 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарын, ал 23:00-ден кейін көшелер тексеріледі.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар мен пробациялық есептегі тұлғалар да бақылаудан тыс қалмайды.

Полиция тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күш-жігерін аямайды. Сондықтан Түркістан облысының орталығындағы тұрғындардың арыз-шағымы жауапсыз қалмайды, көтерген мәселесі мұқият қаралады.

Жуырда Түркістан қаласында полиция мен басқа да тиісті сала мамандарының қатысуымен жиын өткізілді. Жиында Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі бойындағы құрылыс заттарын сатумен айналысатын кәсіпкерлерге тауар алып келген жүк көліктерінің қозғалысы мен тұтынушылардың көлікпен бұрылуына кедергі көп екені айтылды. Мұның басты себебі — кәсіпкерлік нысан алдында бұрылыс жасауға арналған үзік жолақтың болмауы. Ақырында тұрғындардың өтініші бойынша, қарама-қарсы орналасқан сауда орталықтарының алдынан бұрылуға арналған үзік жолаққа рұқсат берілді.

Сонымен бірге полиция И.Мұсакұлов көшесінен де бұрылыс жасауға арналған үзік жолақ қалдыру туралы рұқсат берілетіндігін жеткізді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолданып жасалған қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ІІМ халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді сатып алу бойынша республикалық акция өткізеді. Алғашқы күннен-ақ ішкі істер органдарына өз еркімен 47 азамат келіп, 88 атыс қаруын және 1,5 мыңнан астам патронды тапсырды. Тұрғындар көбінесе полицияға жақындарынан қалған қаруды тапсырады. Елімізде қару-жарақты ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың техникалық жағдайына қарай оның әрбір бірлігі үшін оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында төлем көзделеді.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?