jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында

13 мамыр 2024, 15:06

Құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламаларға жедел ден қою, рейд өткізу, қылмыстың алдын алу, көшедегі тәртіпті бақылау  —  полицияның қалт жібермей күнделікті атқаратын жұмысы. Түркістан өңірінде құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында кешенді шаралар қолға алынып, жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Сондай- іс-шаралардың бірнешеуіне тоқтала кетейік.

Ордабасы ауданының құқық қорғау қызметкерлері көше мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін шарада полиция алдыңғы кезекте түрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Заңнамаға сәйкес, ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.

Сол сияқты Сарығашта да «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуіне орай, Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері іс-шара жүргізуде. Ол аудан аумағында қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, жол-көлік оқиғасын болдырмау қоғамдық тәртіпті сақтау, оның ішінде көліктегі қауіпсіздік ережелерін қадағалау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатын көздейді.  Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторымен профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері көше мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Олар алдымен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Содан кейін құжат  және көлік құралдарын, адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексереді. Сондай-ақ атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің бейнежазбасынан

 

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды