Түркістан: Полицейлер «Отбасы күнін» атап өтті

09 қыркүйек, 12:21

Қыркүйек айының екінші жексенбісінде еліміз «Отбасы» күнін атап өтті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәдліметінше, айтулы мерекеге Түркістан облысының поиция департаменті де үлес қосты.

«Отбасым-бақыт мекенім» апталығы өтті

«Отбасы күні» апталығы аясында «Кентау қалалық жоғарғы гуманитарлық және техникалық колледжінде» Кентау қалалық полиция бөлімінің ЖПҚБ-нің ӘЗЗҚТ-ның инспекторы Майра Құттыбаева, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының психолог маманы Нұргүл Оспанова, Кентау қалалық жоғарғы гуманитарлық және техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақжан Бейтбаев және колледж психолог маманы Гауһар Жұмабайқызымен бірлесіп тренинг, ашық сабақ ұйымдастырылды. Колледж студенттеріне азаматтардың полиция қызметкерлеріне деген сенімін нығайту және қоғамның дәстүрлі отбасылық құндылықтары мен адамгершілік қасиеттерді жаңғырту, отбасындағы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және заңгерлік кеңес берілді Сонымен қатар «Отбасы күні» апталығы аясында Кентау қаласындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының» мамандарымен бірлесіп, «Отбасым — бақыт мекенім» тақырыбында «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, дөңгелекк үстел өткізілді. Кентау қаласы полиция бөлімінің ЖПҚБ-нің ӘЗЗҚТ инспекторы Майра Құттыбаева осы іс-шараға байланысты азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, қоғамның дәстүрлі отбасылық құндылықтары мен адамгершілік негіздерін жаңғырту, отбасындағы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу, жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және заңгерлік кеңес берілді

Түлкібас ауданы «Отбасы күнін» өткізді

«Отбасы күні» мерекесіне орай, Түлкібас аудандық полиция бөлімі мен «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының» мамандары және «Ақсақалдар кеңесі» мен «Аналар ұйымының» мүшелерімен бірлесе отырып, дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты, неке және отбасы институтын нығайту, отбасының тұрмыстық қатынастарға оң әсер ететін бағыты мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.
Шарада отбасы құндылықтар жайлы ой пікірлер ортаға салынып, онда: Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойғанын және Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтетіндігі жайлы айтылды.

Отбасы құндылығы дөңгелек үстелде насихатталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Қамқорлық» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп жиын өткізді. Бұл кездесу отбасылық құндылықтарды насихаттау, жанұя тыныштығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал ететін шараларды талқылауға бағытталды.
Кездесу дөңгелек үстел бағытымен жүзеге асырылып, «Мықты отбасы — мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында жалғасты. Оған отбасылық қолдау орталығының өкілдері, учаскелік инспекторлар және басқа да мүдделі органдар қатысты.
Күн тәртібінде қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасылармен жұмыс істеу, ана мен бала құқықтарын қорғау, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу шараларына ерекше назар аударылды.


Сонымен қатар жас отбасылардың нығаюы мен сақталуының маңыздылығы талқыланды. Ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы ерекше атап өтілді. Қоғам ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту үшін осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты.

«Берекелі отбасы» сурет байқауы өз мәресіне жетті

Балаларды отансүйгіштікке, салт дәстүрді құрметтейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында Отбасы күніне орай Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен қызметкерлердің балалары арасында сурет салудан байқау өтті.
«Берекелі отбасы» тақырыбында өткен бұл байқауға 12-жасқа дейінгі балалар қатысты. Жарыста өзінің қабілетімен топ жарған полиция капитаны Болат Бөпібековтің ұлы Ернұр Намазбай бірінші орынды иеленді. Екінші орын полиция майоры Әділбек Бүкеновтің қызы Нұрилә Жолдасбекке бұйырды. Жүлделі үшінші орынға полиция капитаны Ержан Датқаевтың қызы Кәусар Әбсаттар лайық деп танылды.
Шараға қатысқан балаларға ынталандыру сыйлықтары мен Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының Алғыс хаты табысталды.

Сарыағаш ауданында жас аналармен кездесу өтті

Отбасы күніне орай Сарыағаш ауданының полицейлері орталық аурухананың перзентхана бөліміндегі аналармен кездесіп, оларға жақсы көңіл күй сыйлады.
Олар жас босанған аналарға арнайы барып, отбасы құндылықтары жайлы пікір алмаса отырып, нәрестелердің бауы берік болуын тілеп, сый-сияпаттар табыстады.
Өз кезегінде жас аналар бұл игі бастаманы көтеріп, өзлдеріне көңіл бөлгендері үшін тәртіп сақшылары мен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Елімізде отбасы болуға осындай қолдау көрсетіліп тұрса, демографиялық көрсеткіштің жоғарылайтыны сөзсіз.

Отбасы күнінде ақ жаулықты анадан бата алды

Отбасы мерекесіне орай Жетісай аудандық полиция бөлімінң қызметкерлері қызмет барысында қаза тапқан әріптестері марқұм Ержан Төлешовтің үйіне арнайы барып, оның қарт анасы Жібек апамыз бен жары Мираны отбасы күнімен құттықтап, сый-сыяпаттарын табыс етті.
Осындай сый-кұрмет көрсеткен ұлының әріптестеріне риза болған ақ жаулықты ана жастарға отбасының құндылықтары туралы айтып берді. «Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Мен осындай ұлым болғанын мақтан тұтамын. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болсын», — деп ыстық ықыласын білдіріп, батасын берді.
Мерекелік іс-шараларда ұмытпай, елеп-ескеріп, құттықтап, шақырту жіберіп тұратын полиция басшылығына қаза тапқан полицейдің жары Жібек алғысын жеткізді. Жұмыстарына табыс, қызметтеріне жетістік тіледі.

Жетісай ауданында полиция сурет байқауын ұйымдастырды

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы күніне» орай бастауыш сынып оқушылары арасында асфальтқа сурет салу сайысы өтті.
Шараға қаламыздағы М.Горький мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Шараның мақсаты — балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тарихи — мәдени және рухани құндылықтарын бағалау. Олардың бойында Отбасына деген сүйіспеншілікті арттырып, елінің нағыз патриоты болуға баулу.
Сайысқа белсенді қатысқан және жеңімпаз оқушылар анықталып, полиция бөлімінің ұжымы атынан сыйлықтар табыс етілді.

«Дені сау ұрпақ»: болашақ аналармен кездесу ұйымдастырылды

«Отбасы күні» апталығы аясында «Дені сау ұрпақ» тақырыбында болашақ аналарға семинар-тренинг өткізілді. Арыс аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Айжан Мырзахметованың ұйымдастыруымен және «Жастар ресурстық орталығы» мамандары мен гинеколог мамандардың арнайы қатысуымен өткізілген бұл шарада жастарға отбасын жоспарлау тақырыптарында мағлұматтар беріліп, түрлі пікірлер ортаға салынды. Аталған шараға болашақ аналар қатысты.


Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып,аналарға бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа,ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген шара аналарға ой саларлық ауқымда болды.

Төле би ауданында «Отбасын жоспарлау» іс-шарасы өтті

Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасын жоспарлау» тақырыбында Төлеби аудандық полиция бөлімі мен аудандық Жастар ресуртық орталығы бірлесе отырып, жастармен кездесу өткізді.
Аталған шараға Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айдаркүл Рахишова, полиция капитаны Ақмарал Боташева, Әйел қыздар секторының жетекшісі Жазира ханым, Ленгір қалалық емханасының әлеуметтік қызметкері Аязова Салтанат және Ленгір қаласы № 8 кәсіптік колледж студенттері қатысты.
Шараға қатысқан мамандар жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда белең алып отырған мәселелерге тоқталды. Бұл жиыннан жастар ажырасудың алдын алу және отбасын нығайту, отбасы құндылықтарын сақтау туралы қызықты ақпараттар алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап таба білді.

Әлима Әлмерек
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?