Түркістан: «Өз кәсібіңді аш» — жастарға жаңа бастама

21 тамыз 2023, 13:51

Түркістан өңірінде жастардың дамуына арналған мемлекеттік бағдарламалар кеңінен насихатталуда. Өңірдегі «Жастар ресурстық орталықтары» түрлі форматта қамтылған семинар-тренинг, дөңгелек үстел мен концерттер, кәсіпкерлермен кездесу арқылы жастарды барынша қамтып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Жуырда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Ордабасы ауданында «Өз кәсібіңді аш» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған экскурсия және семинар-тренинг өтті.

 Семинар-тренингтің мақсаты — жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, несие, грант алу және бизнес ашу. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру, сондай-ақ жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау.

Шараның барысында қатысушылар «Бөрте Милка» ЖШС кешенді сүт фирмасы мен «Bokei» ЖШС қыш зауытына экскурсия жүргізді. Семинар-тренингтің алғы сөзін Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы кәсіпкерлік саласының даму қарқынын, алдағы уақытта жүзеге асырылатын ауқымды жобаларға тоқталды. Атап айтқанда, «Жастарға арналған 2,5  пайыздық несие», «Бизнестің жол картасы-2025», «Бастау бизнес» жобасы туралы ақпараттар түсіндірілді.

Ордабасы ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы: « Біз ауданымызда жастардың мемлекеттік бағдарламалармен танысып, жастарға бағытталған барлық мүмкіндіктерді насихаттау барысында бүгінгі «Өз кәсібіңді аш» семинар-тренингін  ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз жай ғана жастарға ақпараттық түсіндіру емес, нақты кәсіптің көзін көрсетіп, жаст та болса өз кәсібін ашып, белгілі бір жетістікке жетіп отырған жастармен кездестіру. Пікір алмастыру, ой-талқысын ортаға салу. Біздің жұмысымыз жастарға бағытталғандықтан,  болашақ жастарымыз еліміздің барлық мүмкіндігінен құр алақан болмаса екен дейміз.  Осы бағытта Жастар орталығы барынша жұмыс істеп жатыр. Біз жастарға мынадай бағдарламалар бар деп қана қоймай, ол бағдарламаға қалай қатыса алады? Қандай құжаттар керек? деген сауалдарға жауапты жастармен бірге талқылаймыз. Алдағы уақытта да осындай маңызды семинарлар жалғасын табады»,- деді.

Аталмыш шарада арнайы спикерлер, атап айтсақ, Daryn online компаниясының Республика бойынша сату бөлімі басшысы Бәйдібек Қуатбай, жас миллионер, бизнес-тренер Өндіріс Саят пен жас кәсіпкер, еліміздегі ең алғашқы тур-саяхат саласының негізін қалаушылардың бірі Қабылбай Жақсыбек өз бизнес салалары туралы әңгімелеп, жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Кәсіптің көзін тауып, кез-келген бастаманы сәтті жолға қоюдың тетіктерін айтып берді. Сонымен қатар, қатысушылар ашқысы келетін кәсіптерінің бағыттары бойынша спикерлерге өз сұрақтарын қойып, ең белсенді сұрақтар қойған жастарға «Jake tau» ұжымы және қоғам белсендісі Олжас Мамыр тегін жолдама сыйлады. Шара соңында, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы қатысушы жастарға семинар-тренингтен өткендігін растайтын сертификат табыстады.

Мақпал Ноғайбаева,

Түркістан облысы

Суреттер:  Ордабасы ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз