Түркістан: Ордабасы ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде

24 қыркүйек, 14:28

Қазір еліміздің барлық өңірлерінде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шаралары өтуде. Түркістан облысы Ордабасы ауданында «Қауіпсіз қоғам» консолидациялық жобасы аясында жедел іс-шаралар ұйымдастырылды.

Тұрғындар қаруын өткізіп жатыр

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу» акциясы Түркістан облысының Ордабасы ауданында өтуде. Осы бағытта полицейлер аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көпшілікке өз еркімен тіркелмеген қаруларды өткізген жағдайда сыйақы алуға болатындығы түсіндірілуде. Бірнеше тұрғын қаруларын тапсырып, белсенділік танытып жатыр.

Айта кететін жайт, қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін, мемлекет қарудың әрқайсысына тиісті төлемін жасайды. Ал сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтар ұсынған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

«Учаске» қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтың нұсқауына сәйкес, Ордабасы ауданы көлемінде «Учаске» іс-шарасы өткізіліп, полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде күндізгі және түнгі топқа бөлініп, күні-түні тынымсыз қызмет атқаруда.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 40-қа жуық деректері орын алып, әкімшілік хаттама толтырылса, мас халде көлік тізгіндеген 1 тұлға анықталды.
Пробациялық бақылаудағы азаматтар мен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалармен қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында сұқбат жүргізілді.

Дүкендерде балалар мен жасөспірімдерге темекі өнімдері мен спирттік ішімдік өнімдерінің сатпауға қатысты кәсіп иелеріне профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Түнгі мезгілде заңды өкілінсіз ойын-сауық орталықтары мен тұрғылықты мекен-жайынан тыс жүрген жасөспірімдер анықталып, ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қай мемлекеттің болсын айбарын аспандатып, халықтың тыныштығын қорғауда елдің ішкі қауіпсіздігі маңызды рөл атқарады. Азаматтардың құқықтары жоғары деңгейде қорғалып, кез келген ірілі-ұсақты құқық бұзушылыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізіліп, темірдей тәртіп сақталған жерде ғана ауданымыздың абыройы артып, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басатыны анық.

Қараусыз мал – қозғалысқа кедергі

Сонымен қатар Ордабасы ауданында мал ұрлығының алдын алу мен қараусыз үй жануарларына қатысты жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай және полиция бөлімі бастығы Ғалымжан Саттарұлының қатысуымен ауыл округі әкімдері мен тұрғындары, учаскелік полицейлер мен ветеринария саласы мамандары қатысты. Жиын барысында үш жақты келісімнің жүзеге асырылуы, мал ұрлығының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар, үй жануарларын сырғалау, тасымалдауға қатысты мәселелер қозғалды.

Полиция тарапынан жүргізілетін алдын алу жұмыстарына қарамастан, ауданға қарасты елді мекендерде малды еркін жаю фактілері жиі орын алуда. Мал иелерінің тарапынан тиісті бақылаудың болмауы-мал ұрлығына және жолдағы автокөліктер мен жолаушылары үшін елеулі қауіп-қатерлерге алып келеді.

Қараусыз мал иелерінің немесе бақташылардың жауапкершілігін арттыратын өзгерістер заңды түрде күшіне енді. Енді оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы қолданылады, оған үй жануарларын жаю ережелерін бұзу да кіреді. Баптың санкциясы 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Полиция жолдағы иесіз мал – қозғалысқа үлкен кедергі екенін тағы да еске салды. Күтпеген соқтығысу нәтижесінде жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алады, ал кейбір жағдайларда адамдар мерт болады. Сол себепті тәртіп сақшылары жол бойындағы үй жануарларының көліктермен қақтығысуын болдырмау мақсатында, тұрғындардан өз меншігіндегі үй жануарларын уақытылы қамап, жол- көлік оқиғасына себепкер болмауға шақырады.

Балалар қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

Ордабасы ауданында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған дәріс сабақтары өткізілуде. Дәрістің мақсаты — ббалалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балаларды көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысқа дағдылау.

«Тәртіп сақшылары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай сипаттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқушыларға жол жүру ережелерін үйретуде. Бала кішкентай кезінен бастап жол қозғалысы ережелері мен көшеде өзін қалай ұстау керектігі туралы білуге тиіс. Сондықтан біз балалардың жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру бағытында күн сайын жұмыстар жүргізудеміз»,-деді Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Азамат Рысбеков.
Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қауіпсіздігі ережелерін жіті түсіндіру. Балалар жолдан өтпес бұрын толық қауіпсіздікке көз жеткізулері қажет екендігін ескерту. Өз кезегінде ювеналдық полиция бөлімінің инспекторлары өз қызметінің ерекшелігін айтып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?