jasqazaq.kz

Түркістан өңірінде өнерлі полицейлер көп

09 қыркүйек 2024, 14:27

Тәртіп сақшылары қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге түрлі байқауларға да белсене атсалысады. Полиция қызметкерінің оң имиджін паш ететін мұндай іс-шаралар Түркістан өңірінде жиі ұйымдастырылады.

Түркістан облысы Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты тіл апталығы аясында «Өнерліге – өріс кең» тақырыбында полицейлер арасында ұлттық аспаптарда ойнау және өз өнерін көрсету байқауы өтті.
Байқау полиция қызметкерлері арасында ұлттық өнердің мәртебесі мен маңызын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мақсатын да көздейді. Бұл байқауда әділқазы алқалары полицейлердің аспаптарда ойнауы мен патриоттық әндерді нақышына келтіріп шырқауына баса мән берді.

Түркістан облысына қарасты аудан, қала полициясынан келген 10-нан астам қызметкер қазақтың қара домбырасын, сазсырнайын тартып, әуелетіп ән шырқап, өздері шығарған өлеңдерін оқып, өнерлерін ортаға салды. Сайыс өте тартысты өтті.

Әділ қазылардың шешімімен жүлделі бірінші орын Бәйдібек ауданынан келіп, домбырамен терме айтып, көрермен көңілінен шыққан Ермек Тұрғанбекұлына берілді. Ал екінші орынға Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторы майор Русланбек Үстеміров лайық деп танылды. Ұшінші орын сазсырнай мен домбырада қатар ойнап, ән шырқаған Кентау қаласынан келген полиция аға лейтенанты Бағжан Төреханқызына бұйырды. Жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар мен департамент бастығының грамотасы табысталды.

Бұл байқау Түркістан облысы Полиция департаментінің Ақпараттық саясат бөлімі ұйымдастырған тіл апталығы аясында «Тіл қаруы – сөз» байқауына жалғасты. Полицейлер мақал-мәтел және жаңылтпаш айтудан жарысқан байқау аса қызықты өтті.

Сайыстың басты мақсаты- полиция қызметкерлерінің сөз өнеріне деген ынтасын арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау.
Байқау топтық сайыстан тұрып, оған 16 ауданнан үш полицейден қатысты. Тәртіп сақшылары экраннан көрсетілген мақал-мәтелдің жалғасын тауып, жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан өзара жарысқа түсті.

Нәтижесінде шапшаң әрекет етіп, көбірек ұпай жинаған Түркістан қаласының полицейлері жүлделі І-орынды иеленді. ІІ-орынды Түлкібас ауданы, ІІІ-орынды Созақ ауданының тәртіп сақшылары алды. Сайысқа қатысушы командалар мен жүлдегерлерге департамент бастығының Грамотасы мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Байқау барысында полицейлер тек мақал-мәтел мен жаңылтпаш айтып қана қоймай, өз бойындағы Отанына, еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттырды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған