jasqazaq.kz

Түркістан: өңірде жаңа зауыт пен кәсіпорындар салынады

Бүгін, 10:55

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту үшін жаңа зауыт пен кәсіпорындар ашылып, инвесторлар тартылуы қажет. Бұл бағытта бірталай шаруа қолға алынған.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті мәжілісі өтті. Оған инвесторлар, аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары, кәсіпкерлік пен инвестицияға қатысты мекеме жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде облыста жаңадан іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы және өзекті мәселелері баяндалды. Облыс әкімі жауаптыларға жұмысты жеделдетуді, өндіріс орындарын көбейтуді, жобаларды сүйемелдеуді тапсырды.


Нұралхан Көшеров: «Бүгінгі инвестициялық штаб отырысында маңызды мәселелер қаралуда. Біз әрбір жобаның іске асырылу барысын мұқият қадағалап, туындайтын мәселелерді шешуге қолдау көрсетеміз. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары ұйымдастыру, үйлестіру, инфрақұрылым мәселелерін жедел шешулері керек. Мақсатымыз – өндіріс орындарын ашу, отандық өнім көлемін ұлғайту», – деді.
Мәжілісте инвесторлар мен кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері де тыңдалды. Жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмай отырған басшыларға тиісті сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату тапсырылды.
Талқыланған жобалардың бірқатарына тоқталсақ, Сауран ауданында «Xingtai Tiancheng Textile Co., Ltd.» компаниясы мақта өсіру, жіп иіру және тоқыма өндіретін зауытын салу инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. 120 адам жұмыспен қамтылады. Ал Ордабасы ауданында майлы және желатинді компоненттерді алу үшін ірі қара мал сүйектерін қайта өңдеу зауыты салынады. Түркістан қаласында «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС-нің салқындатқыш жабдықтар шығаратын зауытының екінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Сонымен бірге еденге арналған жабын материалдарын шығару зауытының құрылысы, бір реттік ыдыс шығаратын зауыттың құрылысы, кептірілген жемістерді өндіретін зауыт пен өзге де жобалардың жай-күйі қаралды.
Сондай-ақ Түркістанда IT-парк салу жобасы пысықталды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен ІТ парк салу бойынша кезекті рет келіссөз жүргізді. Кездесуде жобаны Түркістанда жүзеге асыру жолдары талқыланды. Өңір басшысы инвесторларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.


Нұралхан Көшеров: » ІТ парк салу мәселесін терең пысықтап, жан-жақты талқылаған жөн. Нақты келісімге келгеннен кейін жобаны жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірлеуді, сол арқылы өз міндеттемелерімізді жүйелеуді ұсынамын», — деп, инвестордың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.
Егер келіссөз жүзеге асса, құрылысы жоспарланып отырған технологиялық парк аймақтың экономикалық және индустриялық дамуы үшін айрықша серпін бермек. Жоба аясында электроника, компьютерлік жабдықтар, электр жабдықтары, оптикалық кабельдер, тұрмыстық техника шығару жоспапрланған. Электромобильдерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету орындарын, сондай-ақ электромобильдерге арналған қуаттау станцияларын құру көзделген. Сонымен бірге жасанды интеллект игілігін көру бағытында жобалар жүзеге аспақ. Қос тарап келіссөздерді одан әрі нақтылап, зерделеуге уағдаласты.
Еске сала кетейік, Түркістан облысына жыл басынан бері 196,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе жоғары. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биыл 322 млрд теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 жұмыс орнын құру жоспарланған. Индустриалдық аймақтар мен шағын өндірістік парк те кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 10:55
Түркістан: өңірде жаңа зауыт пен кәсіпорындар салынады
22 мамыр, 15:35
Түркістан: Шетелдік компаниялар өңірдің экономикалық әлеуетіне көз жеткізді
22 мамыр, 15:05
Түркістан: Жыл басынан бері 196,5 млрд теңге инвестиция тартылды
22 мамыр, 14:16
Алматы облысының тұрғындары «Келешек» жүйесіне қызығушылық танытуда
22 мамыр, 14:06
Түркістан: 216 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізіледі
21 мамыр, 15:51
 Рухани құндылық: Түркістанда оқушылар «Едіге» жырын жатқа айтты
21 мамыр, 14:46
Ордабек Жәмиев: Қоғамдағы инклюзия – мақсатты шешімдердің нәтижесі
21 мамыр, 12:32
Түркістан: Инклюзивті қоғамдағы шексіз мүмкіндік
20 мамыр, 15:05
Түркістан: Ауыл шаруашылығы - экономикалық өсімнің басты көрсеткіші