jasqazaq.kz

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров референдумда дауыс берді

15 наурыз, 10:40

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров алғашқылардың бірі болып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде белсенділік жоғары, 18-ге енді толған жастардан бастап, зейнеткерлер де дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі референдум учаскелерінің саны – 947 (оның ішінде жабық учаскелер саны – 26). Қазіргі таңда Түркістан облысында жалпы 2 млн 154 мыңнан астам тұрғын бар. Оның ішінде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1 187 257, бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Республиқалық референдумға өңір жоғары деңгейде дайындалды. Референдумға облыс бойынша жалпы саны 6380 комиссия мүшесі тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 947 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше) бар. Комиссия мүшелерінің 97 %-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.

Референдум учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық – техникалық жағынан толықтай қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16601 ерекше қажеттілігі бар дауыс беруші азамат бар, олардың 4 мыңы қоларба пайдаланады, 8171-інің көру, сондай-ақ, 4430 азаматтың есту қабілеті нашар.

Олардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалған.
Жалпы өңірде референдум жоғары деңгейде өтіп, дауыс беру жалғасып жатыр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді