jasqazaq.kz

Түркістан облысында ұландық сарбаз телефондарды колонияға кіргізу әрекетінің жолын кесті

13 қараша 2025, 10:48

ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары шеңберінде Ұлттық ұлан әскері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің күзетін күшейтті. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Жыл басынан бері ҚАЖ мекемелеріндегі бақылау-өткізу пунктерінде тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан 36 дерек анықталды.

Жедел жағдай көрсеткендей, Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері полиция департаменттерімен және ҚАЖ департаменттерімен бірлескен тәулік бойғы патрульдік қызметі мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарына тосқауыл қоюда.

Осылайша, аталған кезеңде тыйым салынған заттарды өткізудің 128 әрекеті анықталды. Оның ішінде 7 дерек дрон қолдану арқылы іске асырылмақ болған.

11 қараша күні сағат 15:00 шамасында Ленгер қаласында орналасқан №55 ҚАЖ мекемесінің аумағына кіріп келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде бақылау тобының сарбазы Әділет Нұрланұлы цемент салынған қапта жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады.

Тексеріс барысында ұландық сарбаз 10 ұялы телефон, 11 SIM-карта, 2 қуаттау құрылғысын тәркіледі. Айта кетсек, күн сайын шамамен мыңға жуық ұландық мекеме аумағына тыйым салынған заттардың өткізілуіне жол бермеуде.

Мұндай нәтижелер – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қырағылығы мен кәсібилігін жоғары деңгейде екенін дәлелдейді. Олар күнделікті қызметте ҚАЖ бөлімшелерімен тығыз өзара әрекеттесе отырып, мекемелердегі қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз етеді.

 

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді