jasqazaq.kz

Түркістан облысында оныншы полиция сыныбы ашылды

24 қыркүйек 2024, 16:04

Түркістан облысында полиция департаментінің бастамасымен жастарды өз Отанын сүюге, ел тыныштығын күзету мен ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға баулитын полиция сыныптары ашылуда, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы ретте Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылындағы Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде облыс бойынша оныншы «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды. Сыныпқа Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде 10 жыл қызмет атқарып, ерлікпен қаза тапқан Бауыржан Садықбековтың есімі берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, полиция бөлімінің бастығы Алмас Серікбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидулла Жұматаев, мәслихат төрағасы Тайбек Қалымбетов пен зиялы қауым өкілдері және марқұм Бауыржан Садықбековтың ата-анасы, жұбайы мен ұл-қыздары қатысты.

Жиында сөз алған А.Серікбаев, полиция мамандығының қоғамда алатын рөлі жайлы айта келіп, марқұм болған Бауыржан Садықбеков жайлы жылы естеліктермен бөлісті.

Айта кетсек, оқушыларға полицейдің нысанды киім үлгісі тігіліп, берілді. Ал сынып бөлмесі ерлікпен қаза тапқан полицейге арналған арнайы бұрышпен жабдықталды. Шара соңында 16 оқушы ант беріп, «Жас сақшы» қатарына қосылды.
Сонымен қатар полиция сыныбының оқушылары республикалық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді
ҚР ІІМ-нің ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Спорт — есірткіге қарсы» ұранымен республикалық жарыс өтті. Іс-шараға еліміздегі орта білім беру мектептерінің 12-14 жас аралығындағы «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары қатысып, ҚР ІІМ кубогы үшін футбол ойынында бақ сынады.

Аталған тартысты дода 21 команданының арасында өтті. Жасыл алаңда жас сақшылар өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын дәлелдеді.
Нәтижесінде «Жас сақшы» Түркістан облысы Полиция департаментінің «Тұран» командасы бабы мен бағы келісіп, топ жарып жүлделі ІІ-орынды иеленді. Сонымен қатар «Үздік қорғаушы» номинациясы да «Тұран» командасының қанжығасына байланды.
Осылайша Түркістан облысының атынан қатысып, жеңіске жеткен жасөспірімдер, өздерінің барша қатарластарын спортпен айналысып, нашақорлық және басқа да зиянды әдеттерге жоламауға шақырды.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды