jasqazaq.kz

Түркістан облысында қыз ұзату кезінде той кортежін ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

07 тамыз 2025, 10:49

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция Түркістан облысындағы бірнеше автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны туралы бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тексеру кезінде анықталғаны, оқиға Сауран  ауданында қыз ұзату тойы кезінде болған. Mercedes-benz, Toyotar және Nexia 5 автокөліктің жүргізушілері анықталды. Көрсетілген көлік құралдары айыптұрағына қойылды.

Құқық бұзушылар авариялық жағдай жасағаны, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ көлік құралдарына зақым келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция заң баршаға ортақ екенін ескертеді және жүргізушілер мен басқа жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, жол қателікті кешірмейді.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді