jasqazaq.kz

Түркістан облысында қылмыс жасалмайтын ауыл бар

11 сәуiр 2024, 14:51

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жыл басынан бері бірде-бір қылмыс орын алмаған және отбасы саласындағы зорлық-зомбылық бойынша шақырту түспеген ауыл бар. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ол – Шарбұлақ ауылы. Әлбетте, қандай да бір қылмысқа жол бермеу алдын алу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сондықтан Шарбұлақта түсіндіру жұмыстарына ерекше мән беріледі. Мәселен, жақында осы ауылда «Ізгілікке бет бұрған ауыл» тақырыбында жиын өтті. Оған Түркістан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы А. Тастанбеков, аудан әкімі А.Исмаилов, полиция бастығы А.Серікбаев пен ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Омар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.
Ауқымды шарада отбасының құндылығы туралы көріністер көрсетіліп, өңірде арақ-шарап сатуға тыйым салу мәселелері кеңінен айтылды. Аудандағы полицейлер де қылмыссыз ауыл қатарының көбеюіне үлес қосуда. Қылмыстарды болдырмау бағытында тұрғындар арасында байланыс орнатып, қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін алдын-алу шараларын жүргізуде. Ащы судың кесірінен қылмыс жасалуы мүмкін екенін түсіндіріп, алаяқтық және бұзақылықтар туралы профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Соның нәтижесінде ауылда соңғы екі жылда бірде-бір қылмыс жасалмаған.
Жиын соңында Шарбұлақ ауылдық округіне «Үлгілі ауыл» мәртебесі берілп, осы бағытта көзге түскен қызметкерлер «Алғыс хатпен» марапатталды.

Сондай-ақ Шарбұлақ ауылдық округінің әкімі және жергілікті учаскелік полиция инспекторларының ұйымдастыруымен ауыл ақсақалдары, ауыл билері мен өзге де тұрғындар қасиетті Рамазан айында жиын өткізіп, спирт ішімдіктерінен бас тарту жөнінде шешім қабылдады. Бұл ауыл тұрғындары мен жастарының салауатты өмір салтын ұстануына, имандылыққа баулуға арналған өте үлкен қадам болды. Жиын соңында тәрбиелік мәні бар сахналық қойылымдар көрсетілді.

Мақпал Махаметқызы
Суреттер Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен

Бүгін, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
Бүгін, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды