jasqazaq.kz

Түркістан облысында 9-сынып оқушысын өлтіру ісі бойынша бір топ оқушылар қамауға алынды

12 қараша 2025, 9:59

3 қараша күні Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде 9 сынып оқушысы көз жұмды. Оқушының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды jasqazaq.kz облыстық ПД баспасөзіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық қажетті іс-шаралар кешенін жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиға кезінде қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді.

Сонымен қатар ювеналды полиция қызметкерлері болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ДП Туркестанской области (@turkistan_polisia)

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді