Түркістан: Облыс полициясы ауқымды іс-шаралар өткізді

03 қыркүйек, 15:42

Қыркүйек айы басталғанда Түркістан облысының полиция басқармасында түрлі іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде тіл апталығынан бастап, отбасылық құндылықтарды түсіндіруге арналған жиын да бар.

Полиция департаментінде тіл апталығы басталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің Ақпараттық саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдері күніне» орай мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған тіл апталығы бастау алды.
Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаментінің базасында облыстық «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында апталық өтіп, 4 бағытта байқау өткізіледі. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер арасында мәнерлеп оқу сайысы, мақал-мәтел және жаңылтпаш айту байқауы, ұлттық аспаптарда ойнау, ән шырқау, өз шығармашылығынан орындау және «Менің парасатты полициям!» тақырыбында полицейлердің балалары арасында сурет салу жарысы ұйымдастырылады.
Байқауға шығармашылыққа жақын қызметкерлер қатысады. Жеңімпаздар Түркістан облысы ПД басшысы Мұрат Қабденовтың грамотасымен, сондай-ақ бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Мал ұрлығының алдын алу маңызды

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Сәруар Шоқанның төрағалығымен мал ұрлығы қылмысының алдын-алу бойынша жиын өтті. Жиынға полиция бөлімінің қызметкерлері және ветеринарлық мекеме мен басқа да тиісті сала мамандары қатысты.
Жиын барысында мал ұрлығына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Аудандағы үй жануарларының қайта санағын шығарып, паспорттарымен сырғалау және таңбалау жұмыстарын жүргізу бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар ветеринария мамандарымен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, қараусыз жүрген мал иелеріне қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізу бойынша ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ ветеринария мамандарымен әрбір малдың есебін жүргізу, таңбалау, сырғалау секілді жұмыстарын үзбей жүргізу жөнінде тапсырмалар жүктелді.

Ер есімі – ел есінде

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және ішкі істер органдары ардагерлерінің ұйымдастыруымен, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде қылмыскердің қолынан қаза тапқан полицейлер Ақдаулет Тәжімаханбетұлы Сандыбаев пен Асқар Рүстембекұлы Жәрдембаевты еске алуға арналған футболдан жастар арасында турнир өтті.
Шардара ауданы спортшыларының басын қосқан бұл спорттық шараға 350-ден астам азаматтар қатысып, ең алдымен құран бағышталды. Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Шералы Әділханұлы мен Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиевтер өз естеліктерімен бөліскен құттықтау сөзінен соң, Түркістан облысы бойынша Ардагерлер ұйымының төрағасы полиция полковнигі О.Жанқожаевқа сөз берілді.
Өз кезегінде қаза тапқан полицейлер Ақдәулет Сандыбаевтың қарындасы С.Тәжімаханбетқызы мен Асқар Жәрдембаевтың жары Г.Жанкисееваға бағалы сыйлықтар табысталып, артында қалған ұрпағына жылы лебіздер айтылды.
16 құрама команда бақ сынасқан еске алу турнирінде жүлделі орындарға ие болған командалар аудандық полиция бастығының алғыс хатымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Отбасы – отан тірегі

Бүкіл ел аумағында қыркүйек айында аталып өтілетін Отбасы күнінің құрметіне орай Түркістан облысы ПД жеке құрамының қатысуымен «Отбасы — отан тірегі» тақырыбында танымдық рухани шара өтті. Жиынға исламтанушы, теолог Арман Қуанышбаев қатысты.
Басқосудың басты мақсаты — отбасы құндылығын насихаттау, жанұяда мейірімді қарым-қатынас орнату. Онда отбасы татулығы, ұрпақ тәрбиесі турасында келелі әңгімелер өрбіді.
Кездесуде сөз сөйлеген Арман Қуанышбаев аталған тақырып бойынша орамды ойларын, толғамды пікірлерін айтты. Ол «Отан отбасынан басталады» деген халықтың дана сөзін келтіре отырып, адам баласы үшін отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы екенін жеткізді. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиетін, мәдениеттілігін тәрбиелеу жолындағы алғашқы қадамы отбасыдан келетінін алға тартты. Ел қауіпсіздігі жолында қызметте жүрген барлық полицейлер мен олардың жанұяларына зор денсаулық, табысты еңбек тіледі.
Жиын соңында тәртіп сақшыларымен пікір алмасып, сұрақтарына жауап беріп, еркін форматтағы ой алмасу орнады.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?