jasqazaq.kz

Түркістан: Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейтілді

10 сәуiр 2024, 13:47

Құқықтық тәртіпті сақтап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізілуі тиіс. Түркістан облысының құқық қорғаушылары бұл бағыттағы күресін күшейте түсті. Осы орайда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб мәжілісі өтті. Штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қоғамның дертіне айналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті жандандыру қажет екенін айтып, жауапты мекеме басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.

«Әр аудан мен қалаға жүйелі түрде сараптама жасап, нашақорлық пен есірткі саудасы жиі тіркелген аймақтардың мәселесін талқылау керек. Жас ұрпақты жарқын болашағыныан айырып жатқан бұл жаман әдеттің алдын алуда жаңа тәсілдерді енгізген жөн. Тиісті ұсыныстар беріңіздер. Профилактикалық, алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізу, күшейту аса маңызды. Құқық қорғау органдары, білім, денсаулық сақтау саласына жауапты басқармалар, Жастар ресурстық орталықтары бірлесе жұмыс атқарса ғана іс нәтижелі болады, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Аман Бұрханов: «2024 жылдың 3 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 212 дерек анықталған. Оның ішінде есірткі сату бойынша 12, есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының 64 дерегі тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 келі есірткі заттары тәркіленді. Биылғы 3 айда синтетикалық есірткіні жарнамалаған 60 ақпараттық сайт бұғатталды», — деді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және барлық аудандық полиция бөліністеріндегі ювеналдық полиция тобының инспекторларымен бірге күнделікті облыс жастары, мектеп оқушылары және студенттер арасында есірткі қылмыстарының алдын алу мен нашақорлықты болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп келеді. Биыл 3 айда 33 580 мектеп оқушысы мен студенттер және жастар арасында 143 профилактикалық іс-шарасы мен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?