Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды

28 тамыз 2024, 19:46

30 тамызда бүкіл ел болып Конституция күнін атап өтеміз. Мереке қарсаңында еңбегімен, ерлігімен көзге түскен жандар марапатталатыны белгілі. Сый-құрметтен Түркістан облысының полиция қызметкерлері де құр қалмады. Конституция мерекесіне орай Түркістан өңірінің 180-нен астам полицейі марапатталды.

«Конституция күні» мерекесіне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов арнайы қатысып, барша полицейлерді еліміз үшін маңызды мерекемен құттықтады.

Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов өздеріне жүктелген міндетті абыройлы атқарып жүрген үздік тәртіп сақшыларын марапаттады.

Олардың ішінде «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция подполковнигі Д.Сартаев, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен полиция капитаны Қ.Алекешов, полиция капитаны Б.Махатов, полиция аға сержанты Н.Асанов, ҚР ІІМ-нің Грамотасымен полиция майоры Ғ.Көшкінбаев, полиция майоры Н.Қамбаров, ҚР ІІМ-нің Алғыс хатымен полиция подполковнигі Ә.Бүркітбаев, полиция капитаны М.Тастемір бар.

Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін департаменттің грамотасымен полиция аға лейтенанты М.Темірхан, қатардағы полицей Д.Аманов және Ұлттық Ұлан №6506 әскери бөлімі қызметкерлерінен: майор С.Жолаев, капитан Б.Нәлібай, кіші сержант Д.Маратов, Алғыс хатпен полиция капитаны А.Алғабай марапатталды.

Өз кезегінде департамент қызметкерлерінің ішінен жүздеген қызметкер генерал-майор Мұрат Қабденовтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Жиын соңы елімізге танымал өнер жұлдыздарының ән шашуымен ұласты. Полицей әнші-өнерлі қызметкерлермен қатар сахнада Нұржан Төлендиев, Бақытжан Мұстафаев және «Семсер» тобының жігіттері әсем ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов халық пен елге қызмет етуді өзіне азаматтық борыш санаған тәртіп сақшыларын марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, қызметте абырой тіледі.

Сондай-ақ Конституция күні қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлеріне «Ата Заңымыздың» жалпы тарихы бейнеленген хроникалық-деректі фильм көрсетілді. Отанға сүйіспеншілік, қызметтік борышқа адалдықты қалыптастырып, қызметкерлердің рухын көтеру мақсатында жасалған шараға департаменттің дербес, басқарма бөлімдерінің басшылары мен жеке құрамы қатысты.

Деректі фильмді тамашалаған тәртіп сақшылары тәуелсіздік алған жылдан, бүгінгі күнге дейінгі аралықта еліміз жүріп өткен жолдар, Ата Заңымыздың орнығуы, үстемдігі туралы хабардар болды. Ал Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Шамшат қызметкерлерді тәртіп пен заңдылықты ұстанып, әрдайым Ата заңымызға адал болуға шақырды.  Ол: «Конституция — біздің мемлекеттілігіміздің берік тірегі, негізгі Заң. Ол ел басшылығы жүргізіп жатқан ауқымды өзгерістердің сенімді іргетасы болып табылады. Патриотизм, әділдік, еңбекқорлық, ел мен отбасы алдындағы жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді бойға сіңіріп, халыққа қалтқысыз қызмет ете беріңіздер. Мереке құтты болсын!» — деп атап өтті.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД департаменті

 

10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері
30 наурыз, 12:48
Мұхит Тұрысбеков: Ауыз су мәселесін толық шешу – басты міндеттің бірі
28 наурыз, 17:40
“Жұмысшыларды роботтар алмастырып жатыр”. Кентау трансформатор зауыты инновациялық дамуға көшті
28 наурыз, 15:18
Машина жасау: инновациялық серпіліс
28 наурыз, 14:21
Шұбат өндірісін жолға қойған кәсіпкер келіншек