Түркістан: «Мерейлі отбасы-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды

24 тамыз 2023, 16:11

Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауы өтті. Елімізде ерекше сипатқа ие болып, дәстүрлі бағытта өткізіліп жатқан конкурс жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтап, жеңімпаздарға облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатын табыстады.

 

Байқауға 143 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 31 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін жанұядағы жарасымдылық пен өзіндік қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 6 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарды.

 

Байқау қорытындысына сәйкес, І орынды Әбілдаевтар отбасы (Төлеби ауданы), ІІ орынды Айтбаевтар отбасы (Түлкібас ауданы) мен Бейсенбаевтар отбасы (Түркістан қаласы), ІІІ орынды Смайыловтар отбасы (Қазығұрт ауданы), Ақжаровтар отбасы (Шардара ауданы), Ергешовтар отбасы (Сарыағаш ауданы) иеленді.
«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы 10 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығы белгілі. Себебі қазақ халқы үшін отбасы деген қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады. Бұл талайды қанаттандырып, талай адамға алтын бесік болған киелі шаңырақ.


Айта кетейік, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау болып саналады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз