Түркістан: «Мектепке жол» қайырымдылық жобасы жүзеге асып жатыр

24 тамыз 2023, 12:10

 

«Самұрық-Қазына» АҚ Қордың 15 жылдығына орай, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды бастады. Жобаның басты мақсаты – 2023 жылы күзде бірінші сынып табалдырығын аттайтын әлеуметтік осал топтарға жататын балаларға көмек көрсету.

«Самұрық-Қазына» тобының өндірістік компаниялары жұмыс істейтін 10 өңірдің балаларына мектепке қажет оқу құралдарының жиынтығы сыйға беріледі. Оның ішінде мектеп рюкзагы, оқу құралдары мен аяқ киімге арналған сөмке болады.

Қордың компаниялар тобының корпоративтік волонтерлері мен «EVO Қазақстан» ұйымының волонтерлері бірлесіп, Алматыда мектеп жиынтықтарын жинауға кірісті. Сыйлықтар дайын болған соң өңірлерге жөнелтіліп, балаларға таратылады.

Мектеп жиынтықтары Абай, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарындағы 15 мыңға жуық бірінші сынып оқушысына беріледі деп жоспарланған. Олардың басым бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрады.

Көмекке мұқтаж балалардың тізімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметтері негізінде жасақталады. Тізім жасаудағы басты шарттар – баланың бірінші сыныпқа баруы және әлеуметтік осал топтар санатына жатуы болып белгіленген.

Жоба, сондай-ақ, Қазақстандағы адам капиталын дамытуға өз үлесін қосады. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардан шыққан бірінші сынып оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдарын беру олардың әрбірінің сапалы білім алуына жағдай жасайды.

 

Мектеп жиынтықтарының бәрі өңірлердегі балаларға тамыздың соңына дейін жеткізіліп, балалар 1 қыркүйек – мектептегі алғашқы күнін жаңа оқу құралдарымен қарсы алады.

JQ-Aqparat 

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз