Түркістан: Мәжіліс депутаты жастармен кездесті

22 тамыз 2023, 16:19

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев Түркістан қаласының жастарымен кездесу өткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Жеңіс» саябағында өткен кездесуге «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сұлтанхан Таштеев және «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық «Jastar Ruhy» жастар қанатының мүшелері қатысты.

 

«Қашанда еңбектің наны тәтті. Таза еңбекпен табысқа жеткен адамның күндіз күлкісі, түнде ұйқысы тыныш болады. Тынымсыз еңбек телегей табысқа жеткізеді. Жастар жастық шақта білім алып, тіл үйреніп, жан-жақты жұмыс істеп үйренсе, жалқаулыққа жол бермейді. Әркім өз мамандығын сүйсе, сүйсініп жұмыс істейді. Мамандық таңдауда жаңылмау керек. Жаңылған жағдайда да жеңілмеу керек. Қиындықтарды сабырмен және табандылықпен жеңуге тырысқан жөн», – деді Мәжіліс депутаты.

Жастар тек өз деңгейінде шектеліп қалмай, ел дәрежесінде қызмет етуі тиіс. Ашық әңгімелесу барысында Қайрат Рахымұлы қала жастарына өз өмір жолын таныстырды. Ел болашағы жастардың қолында екенін айта келе, өмірді өзгертуге арналған маңызды кеңестерімен бөлісті.

Айдос Құсайынұлы,

Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз