Түркістан: Мал ұрлаған ұсталды, есірткі сақтаған тұтылды

03 қыркүйек, 15:55

Түркістан өңірінде қауіпсіз қоғам құру, заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Облыс полицейлері мал ұрлығының алдын алып, есірткі сақтаған тұрғынды әшкереледі. Сондай-ақ өрт сөндіру автокөлігіне жолдағы жүргізушілердің қаншалықты мән беретінін тексеріп көрді.

Түркістан қаласы аумағында Төтенше жағдайлар департаменті және Түркістан қаласы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірлесіп, «Өрт сөндіру автокөлігіне жол бер!» акциясын ұйымдастырды.

Бұл акцияның мақсаты — шұғыл қызмет автокөліктеріне жол бермеген жүргізушілерді анықтау, жүргізушілер арасында мәдениетті қалыптастыру және оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігінің тез жетуіне ықпал ету.

Арнайы дабыл қосылған өрт сөндіру автокөлігі қаланың орталық, басты көшелерімен жүріп өтті. Қала көшелерінде дабылын қосып жүрген бұл өрт сөндіру көлігі осы жолы ешқандай төтенше оқиғаға асығып бара жатқан жоқ. Тек жүргізушілердің қаншалықты түсіністік танытатынын тексеріп көрді.
Дабыл қаққан арнайы автокөліктерге жол беру – әр адамның азаматтық парызы. Өрт сөндірушілер адам тағдыры таразыға тартылған сәтте жол үстінде барынша жүйткуге мәжбүр. Ережеге сәйкес, темір тұлпар тізгіншілері оларға жол беруі тиіс. Алайда кедергі келтіргендер де табылды. Рейд кезінде өрт сөндірушілер көлігіне кедергі келтіріп, жол бермеген жүргізушілерге ескерту жасалды. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп, тәртіпке шақырды.

Түркістан өңірінде мал ұрлығының алдын алу бағытында көп жұмыс атқарылып жатыр. Дегенмен жайылып жүрген оңай олжаға қызыққан қаскөйлер қалайда амалын асыруға тырысады. Бірақ ттәртіп сақшылары олардың адымын аштырмай, жылдам құрықтайды. Күні кеше жайылымдық жерден жылқы ұрлаған күдіктілерді қамауға алынды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісай ауданының полицейлері жайылымнан мал ұрлаған екі күдікті ер адамды қолға түсірді.
Тексеру кезінде анықталғандай, ұйымдасқан екеуі қаражат табу мақсатында қылмыс жасаған. Тұрғынның жайылымда жүрген құны 700 мың теңге тұратын жылқысын түн жамылып ұрлап, із жасырған. Ұрланған малды сатып, ақшаны емін-еркін жұмсаған. Полиция ұрыларды тез тауып алды.
Қазір күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тәртіп сақшылары есірткінің таралуына жол бермеу үшін аянбай қызмет етеді. Күні кеше Түркістан облысының тұрғынынан 3,5 килодан астам марихуана тәркіленді.
Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, өз үйінде есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды анықтады.

Нақты айтқанда, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйін тінту кезінде марихуанаға ұқсас есірткі заты бар ыдыстарды тапты. Алынған есірткінің жалпы салмағы 3,5 келіден асты.
Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, істің мән-жайы анықталуда. Күдікті камауға алынды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

 

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?