jasqazaq.kz

Түркістан: Мақтаралда қоғамдық көліктер жаңартылды

03 маусым, 12:49

Мақтаарал ауданы тұрғындары үшін қоғамдық көліктер – күнделікті тұрмыстың маңызды бөлігі. Ауданның халық тығыз орналасқан елді мекендерін өзара байланыстыратын бағыттардың бірі – «Мырзакент – Атакент – Мырзакент» маршруты болып саналады. Бұл бағытта 2021 жылдың 1 маусымынан бастап тасымалдаушы мердігер «SAR avto» ЖШС-гі тұрақты түрде қызмет көрсетіп келеді.

Осы кезге дейін қызмет көрсеткен қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен жайлылығы заманауи талаптарға толықтай сай болмаған. Бұл мәселе аудан әкімдігі тарапынан назардан тыс қалмады. Аудан әкімі Бахыт Асановтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз көлік қызметін ұсыну мақсатында қоғамдық көлік паркін жаңарту бойынша нақты шаралар қолға алынды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 қаулысына сәйкес, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының жеңілдетілген лизингтік қаржыландыруы арқылы «SAR avto» ЖШС-не 7 жыл мерзімге жаңа техника сатып алуға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде, ауданға отандық өндірістен шыққан, заманауи талаптарға сай жабдықталған, Семей автозаводында құрастырылған ГАЗель НЕКСТ маркалы төрт жаңа микроавтобус жеткізілді.

Аудан әкімі міндетін атқарушы Нұрбол Саттаров, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаевтар жаңадан келген қоғамдық көліктердің ішін арнайы қарап шығып, көліктің кілттерін жүргізушілеріне табыстады. Су жаңа көліктер заманауи кондиционерлік жүйемен (мұздатқышпен) жабдықталған, жолаушылар үшін ыңғайлы орындықтармен, қауіпсіздік белдіктерімен және сапалы желдету жүйесімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар бұл көліктердің экологиялық тазалығы мен отын үнемдеуші сипаттары да артықшылықтардың бірі болып саналады.

Аудан әкімдігі мен мердігер компания тығыз ынтымақтастығының арқасында жүзеге асқан бұл жоба – Мақтаарал тұрғындарының өмір сапасын арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Жаңартылған көліктер өз бағыты бойынша кестеге сәйкес күнделікті қатынап, тұрғындарға сапалы қызмет көрсететін болады. Бұл – ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына негізделген әлеуметтік бағыттағы саясаттың нақты көрінісі.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған