Түркістан: Мақсат — заңдылық пен тәртіпке бағынатын қоғам қалыптастыру

23 қыркүйек, 14:42

Түркістан облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері мен облыс прокуратурасы бірлесіп, жеке құрамға тексеру жүргізуде. Бұл полиция қызметкерлерінің тәртіп пен заңдылықты сақтау, азаптау фактілерін болдырмау, мұндай теріс әрекетке бейім қызметкерлерді анықтау мақсатын көздейді.

Осы орайда анкеталық сұрақтар дайындалып, Полиция департаментінің психолог-мамандарын қатыстыру арқылы қала, аудан полиция бөлімшелерінің қызметкерлерінен сауалнама алынды. Тексеру іс-шарасы Созақ, Бәйдібек, Арыс және Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен басталып, тәртіп сақшыларына алдын-ала дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Жеке құраммен саптық тексеріс жүргізілді. Полиция қызметкерлерінің құжаттары, қызметке дайындығы, автокөліктері мен сауаттылығы назарға алынды. Қызметкерлерге тәртіпке бағыну керектігі, әрбір мемлекеттік мекемеде заң мен тәртіп сақталуы тиіс екені қатаң ескертілді.

Облыс полициясы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы қызметте. Аптаның демалыс күндері профилактика тіпті күшейтіліп, рейд жүргізіледі. Айталық, өткен аптадағы жұмыс барысында полиция қоғамдық орындарда және көшелерде жаяу патрульдеу санын көбейтіп, жеке күзет құрылымдарын тарта отырып қызметке түсті. Полиция мен күзет ұйымдарының қызметкерлеріне саптық жиын өтіп, жұмыс барысы түсіндірілді. Жұмыс тобына Түркістан қаласы аумағы, оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тапсырылды. Осылайша Түркістан облысы Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің жеке күзет ұйымдарымен жасасқан екіжақты меморандум іске асырылды. Жергілікті полиция қызметі, патрульдік полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу мақсатында адам көп шоғырланатын жерлерде жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет ету тобы жұма, сенбі, жексенбі күндері қызмет атқарды.

Нақтырақ айтсақ, облыс аумағында қызмет атқаратын жедел әрекет ету топтары бар 20 жеке күзет ұйымымен Түркістан облысының барлық қала, аудандарында осы профилактикалық іс-шара тұрақты түрде қолға алынды.
«Бұл іс-шарамыздың басты мақсаты — тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етуде тиісті құрылым қызметкерлері бірлесіп, оң нәтижеге қол жеткізу. Заңдылық пен тәртіпке бой ұсынатын қоғам қалыптастыру», — деп атап өтті Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Есенәлі Сенбиев.

Сондай-ақ Түркістан облысында «Жолда қабылдау» акциясы аясында полиция 350-ге жуық тұрғынды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде автокөлікті тіркеу туралы — 35, жүргізуші куәлігін алу — 91, жол жүрісін ұйымдастыру — 75, автокөлікті қайта жабдықтау — 15, айыппұлдарға қатысты -65, көші-қон қызметі жөнінде — 12, ішкі істер органдарына қатысы жоқ өзге де мәселелер бойынша 7 сұраққа құқықтық кеңес берілді.

Бұл акцияның басты мақсаты –тұрғындардың ұсыныс-пікіріне назар аудару, азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру.

Осы ретте тәртіп сақшылары акцияның ай сайын өткізілетінін, қашанда кері байланысқа дайын екенін хабарлады.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?