Түркістан: Қысылған жанға тәртіп сақшылары көмекке келеді

23 қыркүйек, 14:08

Полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысы тек құқық бұзушылық және қылмысқа қарсы күреспен шектелмейді. Қысылтаяң жағдайға тап болғандар да ең алдымен тәртіп сақшыларына жүгінеді. Орта жолда көлігі тоқтап қалғанға да, толғақ қысқан келіншегін перзентханаға апаруға асыққан жанға да, үй арасында адасып кеткен баланы табуға да полиция көмекке келеді.

Көлігі бұзылған жүргізушіге көмектесті

«Түркістан-Тараз» автожолында түнгі патрульдеу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының инспекторлары жол жиегінде авариялық сигналын қосып тұрған «Тoyota Pradо» маркалы автокөлікті байқап қалды.
Автокөліктің жанына келгенде полиция жүргізушіден көлігінің дөңгелегі жарылғанын және оны өзі ауыстыра алмай жатқанын анықтады. Тәртіп сақшылары дөңгелекті ауыстыруға көмектесті. Жүргізуші мен оның жолаушысы полиция қызметкерлеріне алғысын жаудырып, қайтадан жолға шықты.

Толғағы қысқан әйелді перзентханаға жеткізді

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында түнгі кезекшілікте рейд жүргізген патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдықты асырып келе жатқан «Toyota Camry» автокөлігін тоқтатты.
Тәртіп сақшысы жүргізушіден мән-жайды анықтамақ болған кезде, ер адам көлікте жұбайының толғағы қысып перзентханаға асығып бара жатқанын айтады.

Патрульдік полиция тобының инспекторлары Шамсуддин Нажмеддинов пен Хамракул Гаипназаров толғақ қысқан әйелді перзентханаға ілесіп жүру арқылы жылдам әрі кедергісіз жеткізді.
Ер азамат Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Сол күні әйел аман-есен босанып, дүниеге ұл келді.

Адасқан қызды тауып алды

102 жедел арнасына хабарласқан әйел 11 жасар қызының із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізген. Оның айтуынша, кешкі уақытта мектептен шыққан қызы сол күйі үйге келмеген.

Хабар түсісімен Түркістан облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, қызбаланың жүруі мүмкін жерлердің барлығын түгел шолып шықты. Тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде, жасөспірім қыз жарты сағат ішінде көшелердің бірінде адасып жүрген жерінен табылды. Белгілі болғандай, мектеп оқушысы жақында ғана отбасымен Шымкент қаласынан Арыс ауданына қоныс аударған. Содан күнделікті барып жүрген мектеп пен үй арасындағы жолдан адасып, басқа көшемен жүріп кеткен.

Жоғалып кеткен жасөспірім қыз үйіне қайтарылды. Қызымен аман-есен қауышқан анасы баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен Арыс ауданының полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?