jasqazaq.kz

Түркістан: «Құқықтық тәртіп» және алаяқтардан сақтандыру

17 мамыр 2024, 15:41

Мемлекет басшысының және ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, тәртіп сақшылары қылмысқа қарсы күрес жүргізумен қоса, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмау бағытында да жұмыс істейді. Сонымен полиция қызметкерлері «нөлдік төзімділік» қағидатын сақтауға ерекше мән береді. Осы орайда қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау мақсатында Түркістан облысы аумағында 10 мамырда «Құқықтық тәріп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Ол 20 мамырға дейін жалғасады.
Түлкібас АПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Әміровтың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Профилактикалық шара барысында полиция қызметкерлері жолдағы көлік қозғалысынан бастап, жеке тұрғын үйлердің алдындағы үйіліп жатқан қоқысқа дейін тексереді.
Сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірде интернет алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында, адамдар көп шоғырланатын орындарда жадынамалар таратуды қолға алды. Мәселен, тәртіп сақшылары облыс орталығындағы «Қуаныш» базарында және автовокзалдарда болып, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Соның нәтиіжесінде полиция бір айдың ішінде алаяқтардан сақтандыру үшін 10 000 дана жадынама таратып, 3000 дана жапсырмалы ескерту парақтарын ілді. Жергілікті тұрғындарға алаяқтардан абай болу керектігін түсіндіріп, құжаттарына, есепшот пен қаражаттарына ұқыпты болу керектігін түсіндірді.
Сонымен қатар алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларын қолданып, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға және спам хабарламаларға сенбеу туралы ескертті. Оңай олжа табу үшін кұн сайын қитұрқы тәсілін жаңартып отыратын алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін осындай түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу қажет-ақ. Түркістан өңірінің тәртіп сақшылары алдағы уақытта да осындай жұмысын жалғастырады. Дегенмен тұрғындар да таратылған жадынама, ескертулерге бей-жай қарамай, барынша сақ болғаны дұрыс.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы