jasqazaq.kz

Түркістан: құқық қорғау қызметкерлері есірткінің таралуына жол бермейді

10 сәуiр 2024, 15:30

Жыл басынан бері еліміздің құқық қорғау органдары мыңдаған есірткі таратушының жолын кесті. Белгілі бір жерге есірткі қойып кетушілер күн сайын ұсталады. Түркістан өңірінің полициясы да бұл бағытта қарқынды іс-қимыл жүргізіп келеді.

Айталық, жуырда Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру шаралары барысында, «синтетикалық есірткі» қойып кетуші Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жазғандай, жедел уәкілдер скутер мінген жігітті тексеру кезінде, Шымкент қаласы тұрғынының сөмкесі мен қалтасынан 130-дан астам «синтетикалық есірткі» салынған ораманы тапты.
Оның үйіні тінту жүргізгенде «синтетикаға» сондай-ақ гашиш пен марихуанаға ұқсас ұнтақ заты бар 8 орама тәркіленді. Полиция қызметкерлері тәркілеген «синтетикалық есірткі» мефедронның 200 дозасын құрайды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.
Ал Кентау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында рейдтік-профилактикалық іс-шара кезінде «Ауди-А6» маркалы автокөлігінің алдыңғы орындығынан есірткіге ұқсас зат салынған күмәнді пакетті анықтады. Полиция қызметкері дереу жедел-тергеу тобын шақырып, тиісті тінту шаралары жүргізілген.

Тәртіп сақшылары көліктің ішінен 20 дана полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті, өткір иісті есірткіге ұқсас затты анықтады. Әрмен қарай күдікті жүргізушінің тұрғылықты мекен-жайын тексереді. Сол кезде сарайдың ішінен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленеді. Сараптама ұсынылған өсімдіктің жалпы салмағы 1 келіден астам «кептірілген марихуана» екенін анықтады. Қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары атқарылуда. Күдікке ілінген жүргізуші, орта жастағы жұмыссыз кентаулық ер адам қамауға алынды.

JQ-Aqparat

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді