Түркістан: Құқық бұзушылықтың алдын алу жалғасады

23 қыркүйек, 15:27

Бүгінде еліміздің барлық аймағында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралар өтуде. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір аталған өңірде арнайы рейдтер басталды.

«Жасөспірім және жауапкершілік» іс-шарасы

Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес, Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде ағымдағы жылдың 17 қыркүйегімен 23 қыркүйек күндері аралығында «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, түнгі уақыттарда ата-ананың бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу.
Кезекті шара барысында бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру мақсатындағы кезекті рейд жүргізіліп, жеке кәсіпкерлерге кешкі сағат оннан кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз кіргізбеу керектігі ескертілді.

Арыста «Учаске» іс-шарасы өтуде

Құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту үшін 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында аудан аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерде өздерінің визит карточкаларын бере отырып, пәтерлер мен аулаларды аралайды, тұрғын үйлердің кіреберістерінде, дүкендерде, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда, ойын-сауық орындарында ақпараттық парақшаларды орналастырады.
Тәртіп сақшылары қоғамға жат әрекеттер мен қадағалаусыз қалу фактілерінің жолын кесу үшін жалдамалы пәтерлерді, базарларды және басқа да сауда орындарын, тұрмысы нашар отбасыларды, жастардың шоғырлану орындарын тексеруде.

Сондай-ақ, ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды және тұрғылықты жері бойынша азаматтық қару иелерін де тексеру жоспарланған.

Лудоманияның залалы түсіндірілді

Түркістан облысы Сарығаш ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары және ювеналды полиция инпекторлары тарапынан, мектеп оқушылары арасында құқықтық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жиын өтті. Сонымен қатар жиында отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әлімжеттілік, буллинг, бопсалау, лудомания құмар ойындарын алдын алу іс-шаралары жан-жақты талқыланды.
Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында орналасқан №20 Амангелді атындағы, Тегісшіл ауылдық округіндегі Таскескен ауылында орналасқан № 30 С.Торайғыров атындағы жалпы білім беру мектебінде ата-аналарымен және Құркелес ауылдық округіндегі Ақ үй ауылында орналасқан №69 жалпы білім беру мектептерінде 8-11 сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылып, жиналыстар өткізілді. Онда жасы кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықпен қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында, тәрбиелік мәні бар, насихаттау және заң талаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №60 Жалпы білім беретін мектепте Сарыағаш АПБ бастығының бірінші орынбасары және ЖПҚ бастығы және оның орынбасарлары«Жасөспірімдер арасында құқық, бұзушылық, буллинг, лудоманиянын» алдын алу мақсатында 9-10-11 сынып оқушыларыме жиналыс өткізді. Жиынның мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар мен зорлық зомбылықты, жолда жүру ережелері мен сабақтан кейін кәмелет жасқа толмаған жерлерге бармау туралы, түнгі сағат 22:00 ден кейін кешеде жүруге болмайтындығын түсіндіріп өтті. Жиын соңында оқушыларға қазіргі кезде белен алатын мопед, электровелосипед, скутерді басқаруға болмайтындығы түсіндірілді.

Кентауда «Учаске» іс-шарасы өтті

Кентау қаласының аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар туралы мәліметтерді алу үшін пәтерлер мен аулаларды аралайды. Азаматтардың тіркелуі, сондай-ақ полиция бөлімінде профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тұратын жері тексеріледі. Кез келген құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу туралы профилактикалық әңгімелерге маңызды орын беріледі.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылғандықтан, жедел алдын алу іс шарасын өткізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.
«Ашық есік күні» өтті

Кентау қалалық полицейлері гендерлік саясатты нығайту, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында «Әлеуметтік қызметкөрсету орталығының» Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімімен бірлесіп, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша «АШЫҚ ЕСІК» күнін ұйымдастырды. Алдағы күндері тұрмыстық зорлық зомбылықтың құрбандарына жеке қабылдау жүргізіп, тегін құқықтық, психологиялық көмек көрсетіледі.

Әлима Әлмерек
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?