Түркістан: Құқық бұзушылыққа қарсы шаралар жалғасуда

19 тамыз, 14:37

Түркістан облысында қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жалғасуда. Облыс бойынша «Қауіпсіз қоғам», «Заң және тәртіп» консолидациялық жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық- қоғам дерті

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлері мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мамандарымен бірлесіп, отбасылық тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтетін өзгертулер енгізілгені жөнінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында сала мамандары отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпарат көрсетілген жаднамаларды таратып, осы бағыттағы сұрақтармен жүгінген әйелдерге құқықтық кеңес берді.

«Жолда қабылдау» акциясы өтті

16-17 тамыз күндері Түркістан облысының барлық аудандарында «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өтті. Бұл шара полицияның азаматтармен өзара байланыс жасауда жаңа модельге көшуінің бір бағыты десек болады.
Акцияның бірінші тәулігінде полиция 495 азаматты қабылдады. Олардың басым көпшілігіне құқықтық мәселе бойынша түсініктеме берілді. Келіп түскен сұрақтардың ішінде 45-і автокөлікті тіркеу мәселесі болса, жүргізуші куәлігін алу тәртібі бойынша 55 сұрақ, ал жол жүрісін ұйымдастыру мәселесімен 141 сұрақ, автокөлік құралдарын қайта жабдықтау мен газ құрылғыларын орнату бойынша 17 сұрақ болды.

Айыппұлдарға қатысты 175 сұрақ, көші-қон қызметіне байланысты 47 және Ішкі істер органдарына қатысты басқа да мәселелер бойынша 15 сұрақ қаралып, олардың барлығына тәртіп сақшылары тарапынан жауап берілді. Қабылдау әлі де жүріп жатыр.
3,3 мың тұрғынға ескерту берілді

Түркістан облысының полициясы жануарларды жаю ережесін бұзған 3,3 мыңнан астам тұрғынға ескерту жасады.
Полиция департаменті қызметкерлерінің бастамасымен мал ұрлығы қылмысының алдын алу бағытында жергілікті атқарушы органдар, ветеринариялық бақылау мен қадағалау, мемлекеттік емес органдар өкілдерімен бірлесіп, жұмыс топтары құрылды.
Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзған 3 346 тұрғын анықталып, оларға қатысты шара қабылданды. Сонымен қатар мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу бабымен 580 тұрғынға қатысты құжаттар толтырылып, ветеринария бөлімімен шара қолданылды.
Қала, аудандардың жергілікті полиция қызметтерімен жайылымды жерлерде қараусыз жүрген үй жануарларын азайту мақсатында, «жергілікті атқарушы органдары – халық – бақташылар» арасында үш жақты келісімшарт жобасы бойынша 4 529 келісім шарт жасалған. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал жаю қағидаларын сақтап, қараусыз жібермеуді ескертіп, бақташы жалдауға кеңес береді.

Көпқабатты үйлердегі қауіпсіздік шаралары

Полиция Түркістан облысында көпқабатты үй тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға ерікті жастар да атсалысты. Бұл жолы тәртіп сақшылары түсіндіру жұмысын Отырар мөлтек ауданынан бастады. Көпқабатты үйдің тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп, үйді-үйді аралап, ата-аналармен кездесті.
Тәртіп сақшылары өткен жылы Түркістан облысында қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан терезеден 3 баланың құлап кеткен еске салды. Биыл түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде оқыс жағдай әлі тіркелген жоқ.
Түркістан облыстық ПД жергілікті полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бегімхан Ахметов: «Қайғылы жағдай болмас үшін, полиция қызметкерлері халыққа барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар қызметтік автокөліктің дауыс зорайтқышынан аудио хабарламаларды тұрғындарға естіртіп, профилактикалық шараны жүргізудеміз», — деді.

Қоғамдық көмекшілер 176 қылмысты ашуға көмектесті

Полиция органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі – меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу және болған қылмыстарды ашу. Ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысымен бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының саны 40,7 пайызға, оның ішінде мал ұрлығы 44,6 пайызға төмендеді.

Осы ретте Полиция департаментінің қалалық, аудандық полиция құрылымдарында қоғамдық тәртіпті сақтауға, мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу шараларына 587 азамат «қоғамдық көмекші» болып тағайындалып, жұмыс атқаруда. Қоғамдық көмекшілер учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесінде қоғамдық көмекшілермен жалпы 176 қылмыс ашылса, оның ішінде 46-сы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары, 3-еуі мал ұрлығы қылмыстары.

Полиция алаяқтардан сақтандыру үшін 13 мың дана ескерту қағаздарын таратты

Қазіргі таңда облыс орталығындағы 8 ледэкранда алаяқтан сақтандыру үшін жасалған ескерту бейнежазбалары көрсетіліп, қала, аудандағы полиция қызметкерлерімен 3 тәулікте адамдар көп шоғырланатын аумақтарда екі тілде жазылған 10 мың дана үнпарақ, 3 мың дана жадынама таратылды. Бұл шараны Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының алаяқтық қылмысымен күрес тобының қызметкерлері ұйымдастыруда.

Профилактикаға баса назар аударған полицейлер қылмыстың алдын алып, тұрғындарға құқықтық кеңес беру, қарапайым сақтандыру ережелерін үйрету жұмыстары қарқынды жүргізуде. Алаяқтық қылмыстарының түрлері, оның жасалу жолдары мен қорғану әдіс-тәсілдерін көрсету бағытында қала көшелерінде түсіндірме шараларын атқаруда.

JQ-Aqparat

Cуреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген