Түркістан: Құқық бұзушылар полиция құрығынан құтыла алмайды

13 маусым, 15:56

Қоғам тыныштығын сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу – Түркістан өңіріндегі тәртіп сақшыларының күнделікті атқаратын жұмысы. Қару-жарақ жасырғандар да, біреудің затын ұрлағандар да полицияның құрығынан құтыла алмайды. Тіпті телефоны жоғалса да біздің азаматтар полицияға жүгінеді.

Заңсыз сақталған қару тәркіленді

Жуырда Түркістан облысының полицейлері заңсыз сақталған қару, оның ішінде Ак-47 автоматын тәркіледі.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов брифингте сөйлеген сөзінде: «Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтады. 4 жергілікті тұрғынды тінту барысында АК-47 автоматы, 3 мылтық карабині, 2 аңшылық мылтық, травматикалық тапанша, түрлі калибрлі патрондар, жабайы арқар мүйізі және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленд», — деді.

Құрманбек саховтың айтуынша, қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер қамалды.

Оқиғаның мән-жайы мен күдіктілердің қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны анықталуда. Қазір тергеу жұжүріп жатыр.

Қонаққа келіп, алтын ұрлады

Мақтааралдағы полиция қызметкерлері ұрлық қылмысын ашты. Алтын бұйымдарды ұрлаған 21 жастағы жас қызды дер кезінде анықтап, қылмыстық іс қозғады.

Оқиға былай болған. Бір бойжеткен досының үйіне қонаққа келген кезде тоңазытқыштын үстінде үй иесінің алтын бұйымдарын көріп қалады. Алтын көрген «періште» жолдан тайып, оңай олжа таппақшы болады. Сөйтіп әлгі қараусыз жатқан алтын жүзіктерді жымқырып әкетеді.

Келтірілген шығын көлемі 280 мың теңгені құраған. Күдікті қыз ұрлаған алтындарды ломбардқа өткізіп, бас пайдасына жаратқан.
Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, ұрлаған алтындарды заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде және барлық жағдайлар анықталуда.

Қайтқан телефонда қайыр бар

Ал Сарыағаш қаласының тұрғыны Сауран аудандық полиция бөлімінің басшылығына жоғалған телефонды қайтарып берген полицейдің көрсеткен көмегі мен жауапкершілігі үшін алғысын білдірді.

Сауран ауданының учаскелік инспекторы Тойсұлу Нартай қала көшелерінің бірінен жоғалған ұялы телефонды табады.

Полиция қызметкері сол арада ұялы телефон иесін анықтауға кіріседі. Дер кезінде қабылданған қажетті шаралардан кейін тәртіп сақшысы жоғалған смартфонның иесін анықтап, оған гаджетті тапсырды.

Қуанышында шек болмаған телефон иесі: «Менің ұялы телефонымды тапқан учаскелік полиция инспекторы Тойсұлу Нартайға шын жүректен ризашылығымды білдіріп, жұмысына сәттілік тілеймін. Көп рахмет!» — ризашылығын білдірді.

Камера «шөп» шеккенді ұстап берді

Түркістан облыстық Жедел басқару орталығының инспекторлары тәулік бойы бейнебақылау камералары арқылы өңірге бақылау жүргізіп, қылмыстың алдын алуда жүйелі жұмыс жасап келеді.

Мәселен, тәртіп сақшылары Түркістан қаласының орталық көшелерінің бірінен заңмен тыйым салынған затты қолдану дерегінің жолын кесті. Полиция камера арқылы түнгі уақытта көлік ішіндегі ер адам, темекі ретінде белгісіз шөпті әзірлеп жатқандығын байқап қалады.

Осы бойынша әрі қарай бақылауды күшейтіп, көлікті тексеру үшін жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне бағыттама береді. Оқиға орнында тексеру жүргізген полицейлер, жүргізушінің «марихуана» есірткісін заңсыз сақтағанын анықтады.

Қызылордалық ер адамға қатысты «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген