jasqazaq.kz

«Түркістан — қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді

16 қыркүйек 2025, 21:33

Биыл ақпан айында Түркістан қаласына «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілген болатын. Осы мәртебе аясында 26-28 қыркүйек күндері Түркістанда «ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» халықаралық фестивалі өтеді.

Халықаралық шараға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және сала басшылары арнайы «Қолөнершілер қалашығы» кешенін аралап, дайындық барысымен танысты.

«ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» атты халықаралық фестивальге әлемнің 7 елінен 50-ге жуық қолөнерші және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ге тарта шебер қатысады деп жоспарлануда. Фестиваль аясында дәстүрлі қолөнер туындыларының көрмелері, шеберлік сағаттары, мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтар дәріптеледі. Ал «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің ашылу салтанатында елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен өнерпаздардың концерттік бағдарламасы өтеді.

Жалпы аумағы 2,3 гектарды құрайтын кешеннің құрылысы 1,5 гектар жерде жүргізілді. Туристік және мәдени бағыттағы бұл орталық 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Мұнда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған.

Сонымен қатар, өңірлік ерекшеліктер мен тұтынушылар сұранысына сәйкес арнайы брендтік каталог әзірленіп, ұлттық кәдесыйлар нарыққа ұсынылатын болады.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан қаласының әкімдігі 

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат