Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр

26 қыркүйек, 12:17

Түркістан облысында «Қауіпсіз қоғам» жобасын іске асыру аясында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған орай аудандарда әр түрлі акциялар өткізіліп, кездесулер ұйымдастырылуда.

Жетісайда «Нашақорлыққа жол жоқ» форумы өтті

Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімі мен әкімдігінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» форумы өтті.
Ауқымды шараға ауданы әкімі орынбасары Серік Пірімбеков, зиялы қауым өкілдері мен білім бөлімінің қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.
Форумның шымылдығы театр өнерпаздарының «Нашақорлыққа жол жоқ» атты сахналық көрінісімен ашылды. Жиналған жұрт алдында сөз сөйлеген аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров пен полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков қоғам назарындағы ғасыр дертіне айналған есірткі, нашақорлық жайында баяндама жасап, шараның маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде форумның спикерлері теолог Бағдат Шәймерден, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақыт Жаңбырбаев, нарколог-дәрігер Салтанат Дінтаевалар қоғамда белең алып отырған мәселелер жайында сөз қозғап, жастарды бұндай жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Оқушыларға буллинг туралы дәріс оқылды

Созақ аудандық полиция бөлімінің инспекторы Айжан Манапованың ұйымдастыруымен аудандағы Ы.Алтынсарин мектеп оқушыларына буллинг және кибербуллинг тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дәріс өткізілді.

Мұндағы басты мақсат: оқушыларға буллинг пен кибербуллинг туралы түсініктеме беру және өзара қарым қатыста әдептілікке шақыру. Полиция инспекторы Айжан Манапова дәрісті «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тренингімен бастап, қатысушыларға зорлық зомбылықтың пен оның түрлері туралы ауқымды мәлімет берді.

Созақ аудандық орталық ауруханасының психолог маманы Айгүл Дүйсенбайқызы Керімбай балаларға буллинг, кибербуллинг туралы ақпарат бере отырып, оқушыларға осы күнге дейінгі статистика бойынша буллинг пен кибербуллинг құрбаны болған балалардың саны мен жасы туралы айтып, егер де өздері немесе өзге біреулер осындай жағдайға ұшырап жатса немесе ол жайында білетін болса, оған қандай көмек көрсету керек екендігін айтып, және кімдерге көмекке жүгіну керектігін түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде оқушылар аталған жаман әркетке бармайтындықтарын жеткізіп, білім мен тәрбиені қатар алып жүруге уәде берді.

Кентауда «Борышкер» жедел іс-шарасы өтуде

Түркістан облысында, Кентау қаласының аумағында 2024 жылғы қыркүйек айының 25-30 күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдері қалыптасқан азаматтарды және көлік жүргізушілерін тексеру, ескертпе түсіндірме жасау.

Бұл орайда әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында яғни Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар, одан соң аталған айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік құққбұзушылық туралы қаулы шығарылып 100 пайызға ауыстырылатынын есте сақтаған жөн.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шыққан күннен бастап 30 күн мерзімде ерікті түрде төленбеген айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін жұмыс орындар немесе сот орындаушыларға жолданатындығын да білген абзал.
Автокөлік айыптұрағына орналастырылған, көлік иелеріне айыппұл төлеу керек екендігі ескертілу жұмыстары жүргізілуде. Ал, ерікті түрде өнбеген қаулылар бойынша жеке сот орындаушыларға және жеке тұлғаның жұмыс орындарына жолдану жұмыстары жалғасады.

Оқушыларға заң талатарын түсіндірді

Түркістан облысы Сарығаш ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары және ювеналдық полиция инпекторлары тарапынан, мектеп оқушылары арасында құқықтық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әлімжеттілік, буллинг, бопсалау, лудомания, құмар ойындарына салынудың алдын алу мақсатында, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында орналасқан №24 Ж.Сүлейменов атындағы, Жемісті ауылында орналасқан №14 Алыбай Батыр атындағы және Құркелес ауылында орналасқан №39 Айбергенов атындағы жалпы білім беру мектептерінде ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылып, жиналыстар өткізілді. Онда тәрбиелік мәні бар, насихаттау және заң талаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?