Түркістан: Қайырымдылық істер жалғасады

14 тамыз 2023, 15:54

 

Киелі Түркістан өңірінде туған жеріне, ауылдастарынан қамқорлығын аямайтын жандар көп. Түркістан облысы, Отырар ауданында игі шаралар жалғасын табуда. Соның бірі Ескі Шілік елді мекенінде ауыл арасындағы жол қатынасын қамтамасыз ету үшін Беларық каналының бойынан көпір салынып, ел игілігіне берілді. «Өзенге көпір салған бір сауап» дегендей, ауыл тұрғыны Нұрсейіт  Құдіретілләұлы ауылдастарына арнап көпір салып, елдің батасын алды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жазғандай, шара барысында Шілік ауыл округінің әкімі Айдархан Рүстемов ел ауызында көптен бері айтылып жүрген мәселеге бей-жай қарамай, көпір салу ісіне қолдау білдірген Гүлсара Сейтжанова мен оның тәрбиесін алған ұрпақтарына елдің атынан алғысын айтты. Сондай-ақ қоғам қайраткері Әлімжан Құртаев, ауыл имамы Әзімхан Жасеков сауабы мол қайырлы істі қолға алып, ел игілігіне қажетті көпір салып берген азаматтың өнегелі ісіне ризашылықтарын білдірді.

Жиында ауыл ақсақалы Хабибулла Тұрысов ақ батасын беріп, «Халық көпірдің игілігін көрсін, еліміз өркендеп, ауылымыз көркейе берсін» деп елдің амандығын тіледі. Өз кезегінде ауыл әкімі игі іс жасап, елдің алғысына бөленген азаматқа құрмет көрсетті.

Айдос Құсайынұлы

 

 

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады