Түркістан: Кентауда «Борышкер» және «Anti-fraud» профилактикалық іс-шаралар өтіп жатыр

20 тамыз, 14:06

Түркістан облысы Кентау қаласының аумағында биылғы жылғы тамыз айының 19-23 күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шараның негізгі мақсаты — мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдері қалыптасқан азаматтарды және көлік жүргізушілерін тексеру, ескертпе түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Ескертпе ретінде Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытындаа, яғни Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар, одан соң аталған айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы шығарылып, 100 пайызға ауыстырылады.

Полиция әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы шыққан күннен бастап 30 күн мерзімде ерікті түрде төленбеген айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін жұмыс орындары немесе сот орындаушыларға жолданатындығын ескертеді.
Қазіргі уақытта автокөлік айыптұрағына орналастырылған, көлік иелеріне айыппұл төлеу керек екендігі ескерту жұмыстары жүргізілуде. Ал ерікті түрде төленбеген айыппұлдар бойынша жеке сот орындаушыларға және жеке тұлғаның жұмыс орындарына жолдану жұмыстары жалғасады.

Сонымен қатар Кентау қалалық полиция бөлімі биылғы жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес, халықты тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында қорғау нұсқамасы шыққан яғни профилактикалық есепте тұрғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу және де тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Халықтың полицияға сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында Кентау қалалық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының полиция инспекторы Майра Сарсенбайкызы, Кентау қалалық «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының» маманы Айна Орынбасарова, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының» медбикесі Балжан Қалманбай , «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының» тәрбиешісі Гүлжайна Кәрімовалар тұрғындармен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек, Кентау қаласының аумағында аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.
Шараның мақсаты — ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқықбұзушылықтарға, оның ішінде интернет алаяқтық қылмыстарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Республика аумағында басталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы 23-тамызға дейін жалғасады.

Бүгінгі таңда өмірімізді телефон мен ғаламторсыз елестету қиын. Осындай жағдайда интернет алаяқтарынан зардап шеккен азаматтар полицияға жиі жүгінеді. Сондықтан интернет ресурстар арқылы алаяқтықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында Кентау қаласының полицейлері профилактикалық шараларды күшейтуде. Тәртіп сақшылары тәуліктің 24 сағатында әрбір сала мамандарына, тұрғындарға және көлік жүргізушілеріне алаяқтан сақтанудың тәсілдері жазылған арнайы жадынамаларды таратуда.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген