Түркістан: Кентау жастары садақпен атудан жарысты

18 тамыз 2023, 15:51

 

Жастарды спортқа тартып, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттаудың бірден-бір жолы — жиі-жиі жарыс өткізу. Түркістан өңірі, басқа аймақтармен салыстырғанда, бұл жағынан көш басында тұр.

Кентау қаласында орналасқан «Динамо» алаңында «Жастар еліміздің болашағы» атты пробацияда бақылауда тұратын жастар мен қала тұрғындары арасында «Дәстүрлі садақ ату» жарысы ұйымдастырылды.

Бұл игі іс-шараға қаланың прокуроры Ардақ Сапарғалиұлы және Кентау қаласы пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Исаев Атабек, қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Мұратша Түнтеков пен «Әжелер алқасының» төрайымы Роза Жұмабайқызы қатысып, сайысқа қатысып жатқан жастарға сәттілік тіледі. Айта кету керек, бұл шара Кентау қаласының әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен қолға алынды.

Жарыстың мақсаты — қазақтың ұлттық ойындарын жастар арасында дәріптеу, достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Оған қоса, сайысты тамашалауға келген қонақтар мен қатысушыларға түрлі ұлттық тағамдар ұсынылды.

Жастар арасынан сайысқа 30-дан астам ойыншы қатысты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен қоса, қала әкімінің орынбасары А.Байболованың «Алғыс хаты» табысталды.

Жарыс біткен соң әндер шырқалып,  мерекелік көңіл-күйге ұласты.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз