jasqazaq.kz

Түркістан: Халықтың құқықтық сауаттылығы артады

06 маусым 2024, 16:18

Түркістан облысында Әділет департаментінің мамандары халықтың құқықтық сауатын арттыру бойынша іс-шаралар өткізуде. Облыстық Әділет департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, департаменттегі Коммерциялык емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында азаматтарға құқықтық қызметтер алу бойынша дөңгелек ұстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша қызметтер көрсету кезінде туындайтын кейбір мәселелер талқыланып, халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметі бойынша халық арасында құқықтық кеңес беріліп, буклеттер таратылды.

Өткізілген іс-шараның басты мақсаты электрондық Е-Апостиль алуға өтініш беру мүмкіндіктерін түсіндіруді қамтамасыз ету болып табылады. Әділет департаменінің ұйымдастыруымен тағы бір іс-шара Түркістан облысының Шардара ауданында жалғасын тапты. Мұнда Шардара тұрғындарына тегін заң көмегі көрсетілді.

Кездесу барысында қатысушылар өздеріне тиісті құқықтық көмектер алып, өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шараға қатысқан Шардара қаласы тұрғындары тарапынан көрсетілген құқықтық көмекке өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақыттада осындай іс-шаралардың міндетті түрде ұйымдастырылуы халықтың құқықтық сауаттылығын артыруға өз үлесін қосатынын айтты.

Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Жетісай ауданының Жаңа ауыл округінің тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында “Ашық есік” күні өтті.

Аталған шарада Департамент қызметкерлері, адвокаттар, сот орындаушылары, нотариустармен, заң консультанттары сондай ақ “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Волонтерлік жобасының” еріктілері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісімен бірлесіп, азаматтардың әділет органдарына қатысты сауалдарына жауап беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында 60-қа жуық аудан тұрғындары құқықтық көмек алды. Сала мамандары халықтың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған ақпараттық жадынамалар таратты.

Әділет органдары қызметінің бағыттарына жататын заңды тұлғаны мемлекеттік және нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және зияткерлік меншік қорғау саласы, алимент өндіру бойынша сұрақтарын қойды. Әрқайсысының өтініштері мұқият тыңдалған соң, олардың сауалдарына мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді. Әділет департаментінің мамандары халытың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда