jasqazaq.kz

Түркістан: Есірткі өсірген тұтылды, қаруын тапсырғандар құтылды

23 қыркүйек 2024, 14:18

Түркістан облысында заңдылық пен әділеттілікті, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясатын іске асыру үшін жедел-профилактикалық іс-шаралар үзбей жүргізіліп келеді.

Тұрғынның ауласынан қарасора тәркіленді

Түркістан облысында есріткіні аулада өсірудің жолын кесу үшін тәртіп сақшылары үй-үйді аралап, тексеру жұмыстарын жиі жүргізеді. Осындай жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Төлеби ауданының полицейлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді егумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Тінту кезінде полицейлер күдіктінің ауласынан құрамында есірткі заты бар «қарасора» өсімдігінің түптерін тауып, тәркіледі. Алынған есірткі затының жалпы салмағы бір килодан асады. Қазіргі таңда құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тұрғындар 100 атыс қаруын тапсырды

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен атыс қаруын қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізілуде.

Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 76 азамат өз еркімен 100 дана атыс қаруын тапсырды. Оның ішінде 10-ы кіші ойық ұңғылы мылтық болса, 90-ы тегіс ұңғылы мылтық болды.
Сонымен қатар тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға орта есеппен 70 000 теңгеден 123 000 теңге аралығында қарудың жарамдылығына қарай ақшалай сыйақы берілді.

Сондай-ақ акция барысында Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға кеңес береді. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай